Болашақ математиктер қалай тәрбиеленеді?

Болашақ математиктер қалай тәрбиеленеді?

Болашақ математиктер қалай тәрбиеленеді?
ашық дереккөзі
Әлемнің өркендеген барлық мемлекеттеріндей, біздің мемлекетімізде де білім беру, болашақ мұғалімдерді дайындау  мәселесіне үлкен мән беріледі. Оған айғақ  Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясында ел алдына қойған жаһандық мақсаттар мен міндеттер. Елбасы жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында білім беру, мұғалім мәртебесіне үнемі мән береді: «Бәрі де мектептен басталады. Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз». Мұғалім мәртебесін көтеру – бұл білім беру деңгейін арттыру. Ел экономикасының әлеуеті халықтың білім деңгейіне байланысты. Олай болса, бүгінгі күні мұғалім мәртебесін көтеру мәселесі өзекті.  Мұғалімдерді әлемде ең жоғары бағалайтын ел – Қытай. Қытай экономикасы – АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Мұғалімдердің мәртебесін көтерудің бір жолы – бұқаралық ақпарат құралдарында білім беру саласындағы барлық оң өзгерістерді, педагогикалық ұжымдардың жұмысындағы жетістіктер туралы халықты кеңінен хабардар ету. Педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік грант алу үшін өту балы төмен болғанмен, біздің Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде физика-математика факультеті «математика» мамандығындағы  студент қыздарды бірінші курстан бірден болашақ мамандықтарына қызығушылықтары мен білім алуға деген ықыластарын дамыта отырып сапалы білім беру мәселесі қолға алынады. Тәжірибелі оқытушы эдвайзерлер қыздарды аудиторлық сабақтан кейін өздік жұмыстарға жұмылдырып тәлім-тәрбие береді. Студенттер үшінші курста «Математиканы оқыту әдістемесі» курсында математика сабағын оқыту әдістері мен түрлерін меңгереді.  Біздің факультет пен Алматы қаласының бірнеше мектептері арасында алдын ала жасалған келісім шарт арқылы тығыз байланыс орнатылған. Мәселен, үшінші курс студенттері №167 мектепте педагогикалық практикада математикадан сабақтар жүргізеді, сынып жетекшілік қызмет атқарады. Сонымен қатар, дипломдық жұмыстарының тақырыптары бойынша эксперименттік тәжірибе жұмыстарын жүргізеді. Жыл сайын студент қыздар мектеп мұғалімдері мен оқушылардың ата-аналарының ризашылығына ие болады. Институт басшылығына, әдіскер оқытушының атына жылда алғыс хаттар келеді. Болашақ мұғалімдер ұстаз мәртебесін осылайша көтеруде.

Бақыткүл Қасқатаева