Нұрсұлтан Назарбаев: Сыртқы факторларды қаперге алуға тиіспіз

Нұрсұлтан Назарбаев: Сыртқы факторларды қаперге алуға тиіспіз

Нұрсұлтан Назарбаев: Сыртқы факторларды қаперге алуға тиіспіз
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Кеңес отырысында сыртқы факторлардың ұлттық қауіпсіздік ахуалына әсері және қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. Жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанға әсер ететін сыртқы факторлардың бар екенін бәріміз білеміз. Солардың ішінде  Ресей мен АҚШ арасындағы санкциялық текетірес, Қытай мен АҚШ  арасындағы сауда шиеленісі, Сириядағы ахуал және басқа да жағдайлар бар.  Осыған байланысты бізге мәселелерді талқылап, тиісті шаралар қабылдау  қажет», – деп атап өтті. Келелі кеңесте Қарулы Күштердің биылғы оқу жылындағы әскери дайындығы мен өткізілген оқу-жаттығулардың негізгі қорытындылары, сондай-ақ, әскердің жауынгерлік дайындығы жайында сөз болды. Аталған мәселелер бойынша Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев баяндап, қазақ әскерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижелерін ұсынды. Сонымен қатар, жиын барысында қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын жаңғырту және қорғаныс өнімдерінің жаңа түрлерінің өндірісін игеру жөніндегі ұсыныстар қарастырылды. Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.