Семейде сауда кешені өртенді
Семейде сауда кешені өртенді
Семей қаласында «Жаңа Семей» сауда кешені аумағында өрт болды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, «Жаңа Семей» сауда кешені аумағында өрт шыққандығы туралы хабарлама өрт сөндіру қызметіне сағат 13-48-де түскен.
«Жалпы аумағы 60 шаршы метр болатын сауда дүңгіршектері өртенді. Өрт 14-20-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Адамдар қауіпсіз жерге көшірілмеді. Өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД жеке құрамының 24 маманы мен 6 техникасы жұмылдырылды», - деді ресми өкіл.