Жаңалықтар

Алматыда суық су арзандайды

ашық дереккөзі

Алматыда суық су арзандайды

2019 жылы Алматыда суық судың тарифі 10 пайызға арзандайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазіргі тариф соңғы 4 жыл ішінде өзгерген емес. Қазір монополияға қарсы агенттікпен келісімшарт жасалып жатыр. 1 қаңтардан бастап тариф өзгереді. 55 теңге 56 тиын болған 1000 литр судың бағасы 50 теңге болмақ», - деді облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Алматы Су» РМК ресми өкілі Серік Шағыров. Оның айтуынша, тарифтің арзандауы су тартуға да әсер етеді. Канализация тарифі 28,8 теңге болса, қаңтардан бастап 25,7 теңге болады. Компания өкілдері атап өткендей, тарифтерді төмендету шығындарды оңтайландыруға, бизнес-үдерістерге, энергия үнемдеуге байланысты. Сондай-ақ ходлдингтің 400 қызметкерінің жалақысын көтеру ұсынылды.