5 Желтоқсан, 10:33 160 0 Жаһан Назым Тойлыбаева

Францияда наразы жастар мектепті өртеп жіберді

Францияда студенттер мен мектеп оқушыларының наразылық шеруі басылар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара тәртіпсіздікке ұласты. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Тулуз қаласының маңындағы Бланьяк коммунасындағы мектептердің бірі өртенген. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін ондаған өрт сөндіруші жұмылдырылды. Абырой болғанда, оқиғадан зардап шеккен адам болған жоқ. Жастар жанармай бағасының қымбаттауы, білім реформасы мен үкіметтің салық саясатына көңілі толмаған «сарылардың» шеруін қолдап шыққан. Елде белең алған шерулерден ел экономикасына айтарлықтай шығын келген. Сонымен қатар наразылар мен тәртіп сақшыларының қақтығысынан 1 мың 300-ден астам адам зардап шегіп, жүзден астамы қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар