4 Желтоқсан, 12:06 440 0 Денсаулық Назым Тойлыбаева

Алматыда 8 айлық нәресте жүзуден спорт шеберіне кандидат атанды

Алматыда нәрестелер арасында жүзуден 5-чемпионат өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3,5 айлық - 5 жасқа дейінгі балалар бассейн түбінен ойыншық алудан, сақиналардан өтуден, арқанмен жүруден, дем ұстаудан, тоннельден жүзіп өтуден жарысты.

Бәсеке нәтижесінде Қазақстанда бүлдіршіндер арасындағы жүзуден 9 спорт шебері, 13 спорт шеберіне кандидат пайда болды.

Ал нәрестелер арасындағы жүзудің нормативін 64 шақалақ  орындап  спорт шебері атанса, 79 нәресте спорт шеберіне үміткер болды.

Жарыс жолына туғанына 3,5 ай болған Жәңгір Ахметжанов та шықты.

8 айлық Полина Малютина өз жасына адам сенгісіз нәтиже көрсетіп, нәрестелер арасындағы жүзуден спорт шебері атағын алды.

Ерекше бала, 1 жас 9 айлық Айдария Амангелді спорт шеберіне үміткер атанды.

20 метрлік қашықтықты  5 жастағы Артем Коняев - 20 секундта, Кирилл Бугаев 24 секундта бағындырды.

Айта кету керек, жарысқа мүмкіндігі шектеулі балалар да қатысты. Олардың арасында өз нормативін Ермұхамет Қайырғалиев, Настя Семенова орындады.

Даун синдромымен ауыратын балалардың ішінде:

Дарын Мұратұлы (4.5 жас) - 3-бүлдіршіндер разряды

Арлан Әділман (4 жас) -  бүлдіршіндер арасындағы жүзуден спорт шеберіне кандидат

Даша Нечаева (2 жас) - 3-бүлдіршіндер разряды

Дамир Садықов (4.5 жас) -  бүлдіршіндер арасындағы жүзуден спорт шеберіне кандидат

Егор Буренков (4.5 жас) - 3-бүлдіршіндер разряды

Дінасыл Ермұрат (2.4 жас) - 3-бүлдіршіндер разряды

Исмаил Рышман (2.5 жас) - нәрестелер арасындағы жүзуден спорт шеберіне кандидат

Саша Ли (1.4 жас) - нәрестелер арасындағы жүзуден спорт шеберіне кандидат

Мансұр Азаматұлы (1.1 жас) - нәрестелер арасындағы жүзуден спорт шеберіне кандидат

Даян Саматұлы (9 ай) - нәрестелер арасындағы жүзуден спорт шеберіне кандидат атағын жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар