ҚОРҚЫТ АТА МҰРАСЫ ЮНЕСКО-НЫҢ МӘДЕНИ МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛДІ
ҚОРҚЫТ АТА МҰРАСЫ ЮНЕСКО-НЫҢ МӘДЕНИ МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛДІ
26 қараша - 1 желтоқсан аралығында Порт-Луи қаласында (Маврикий Республикасы) өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның 13-сессиясында Қорқыт Ата мұрасын адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды.
Сессия жұмысына әлемнің 217 елінің өкілдері, оның ішінде Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Жанат Құрамысова мен қобызшы, Қорқыт күйін орындаушы, Қызылорда облыстық филармониясының әртісі Мақсат Мұхамеджан қатысты.
"Шығыс Африка еліндегі Маврикий Республикасында 217 мемлекет қатысып жатқан ЮНЕСКО-ның 13- сессиясында " Қорқыт Ата мұрасы " көпұлттық номинациясы қолдау тауып, бүкіл әлемге танылды. Бүгінде ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұрасының 377 элементінің 8-і қазақстандық және Қорқыт Ата мұраларының енуі - бұл тек Сыр елінің ғана емес, бүкіл Тәуелсіз Қазақстанның мерей-мәртебесі. Біздің міндетіміз – Қорқыт ата мұраларын халықаралық дәрежеде насихаттау",-деді облыс әкімі Қ.Көшербаев мәдени-тарихи мұраны қорғау жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес отырысында.