Тимур Құлыбаев жаңа қызметке сайланды

Тимур Құлыбаев жаңа қызметке сайланды

Тимур Құлыбаев жаңа қызметке сайланды
ашық дереккөзі
Токиодағы Ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығының (ҰОКҚ) Бас ассамблеясында Қазақстанның ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев 2018-2022 жылдар аралығына ҰОКҚ Атқару комитетіне мүше болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰОК-қа сілтеме жасап.  Кандидаттар әлемдегі 206 ҰОК арасында қаралды. Атқару комитетіне құрлықтық қауымдастықтар ұсынған 24 олимпиадалық қозғалыстың спорт функционері кіреді. Айта кету керек, Тимур Құлыбаев қазіргі уақытта Азия Олимпиада Кеңесінің вице-президенті қызметін де атқарады. Мұндай жауапты қызметке тағайындалу - олимпиада қозғалысының дамуына зор үлес қосқанын, өз еліндегі спорттың дамуында жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін және спортшылардың халықаралық аренада жетістіктерді бағындыруын көрсетеді. Еске сала кетейік, 28-29 қарашада Жапония астанасында жалпы саны екі жүзден астам елдің Ұлттық олимпиадалық комитеттерінің басшылары, әлемдік спорт ұйымдарының басшылары мен халықаралық спорт федерацияларының президенттері кездесті. Спорттық форумға жалпы есебі 1400-ден аса адам қатысты. Бұл осы жиынның тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығы (ҰОКҚ) - 206 ұлттық олимпиадалық комитетінің басын біріктіретін, халықаралық Олимпиада Комитеті мойындаған халықаралық ұйым. Ол 5 құрлықтық бірлестіктерге бөліп қарастыылады - Африка, Америка, Азия, Еуропа және Океания. ҰОКҚ-ның негізгі міндеттері - барлық ҰОК-ның өзара іс-қимылын қамтамасыз ету және жалпы мәселелерді шешу, олимпиадалық қозғалысты және олимпиадалық ынтымақтастықты нығайтуға, ҰОК арасында Олимпиадалық ынтымақтастықты тиімді түрде таратуға және Олимпиадалық қозғалыстың барлық көріністерінде кемсітушілікті жоюға көмектесу үшін ХОК және құрлықтық бірлестіктермен ынтымақтасу.