Алматыда World Press Photo-2018 жеңімпаздарының көрмесі ашылды

Алматыда World Press Photo-2018 жеңімпаздарының көрмесі ашылды

Алматыда World Press Photo-2018 жеңімпаздарының көрмесі ашылды
ашық дереккөзі
Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұражайда халықаралық World Press Photo-2018 фотожурналистика конкурсы жеңімпаздарының көрмесі ашылды. Көрмеге World Press Photo штаб-пәтері орналасқан Амстердамнан конкурстың биылғы жеңімпаздары деп жарияланған 42 автордың суреттері әкелінді, деп хабарлайды centralasian.org. Конкурста венесуэлалық фотограф Рональдо Шемидтің Каракастағы Венесуэла президенті Николас Мадуроға қарсы шерулерден түсірген суреттері ең үздік деп танылған. Қалған жүлде алған авторлардың суреттері түрлі категория - өнер мен ойын-сауықтан бастап табиғат көріністеріне дейінгі тақырыптарды қамтиды. Биыл қазылар 125 елден түскен 73 мыңнан астам сурет арасынан төрт жарым мыңға тарта суретті іріктеп алған. Алматыдағы World Press Photo-2018 көрмесі 10 желтоқсанда атап өтілетін Халықаралық адам құқығы күніне орай ұйымдастырылып отыр. Көрме Алматыда 13 желтоқсанға дейін болып, сосын Шымкентте өтеді. Көрме бұған дейін Астана мен Қарағандыда болған. World Press Photo конкурсы алғаш рет 1955 жылы ұйымдастырылған. Жыл сайын өтетін конкурсқа әр жылдары, оның ішінде Совет одағы кезінде Қазақстаннан да фотографтар қатысқан.