Қырғыз тіліндегі  «Аз и Я»

Қырғыз тіліндегі  «Аз и Я»

Қырғыз тіліндегі  «Аз и Я»
ашық дереккөзі
Қазақстанның белгілі ақын-жазушысы Олжас Сүлейменовтің ең танымал кітабы «Аз и Я» алғаш рет қырғыз тілінде жарық көрді. Кітаптың тұсаукесері Бішкек қаласында өтті. Басылымның алғысөзінде Олжас Сүлейменов: «Аз и Я» алғаш рет қырғыз тілінде шығарылып отыр. Бұл кітап әлемнің көптеген тілдеріне аударылмақ болды. Бірақ аудармалары дұрыс шықпай, тек қысқа түсіндірмелер мен басым дені саяси мәндегі көптеген пікірлер берілді. Кітап орыс тілін білетін, көне орыс ескерткіші мәтінін түсіне білетін оқырманға арналған. Сондықтан ол украин, беларусь, әзірбайжан және бұрынғы КСРО-ның басқа тілдеріне дұрыс аударыла алды. Енді бұл туынды ағайын қырғыз тілінде жарық көрді», – деп жазды. Кітап Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің қолдауымен басып шығарылған. Оның аудармашысы –  көп жылдар бойы Қырғыз кеңестік энциклопедиясының ғылыми редакторы болып жұмыс істеген, 200-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалардың авторы Изиля Рахымова. Басылымның шығарушы редакторы –  түркітанушы, филология ғылымдарының кандидаты Четин Жұмағұлов, рецензия жазған  – Түркі академиясының академигі, доктор, профессор Қадырәлі Қонқобаев.