Мақала 9 тілге аударылды

Мақала 9 тілге аударылды

Мақала 9 тілге аударылды
ашық дереккөзі
Жақында ғана жарияланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы әлемнің 9 тіліне аударылып үлгерді. Бір айта кетерлігі, мақаланы өзбек, түрік, қырғыз, әзірбайжан, моңғол, мажар, корей, жапон елдерінің өкілдері өздері бастамашы болып, аударуға кіріскен. Астанада өткен Nur Otan Talks алаңы барысында Халықаралық Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі: «Мұндай құбылыс өте сирек. Себебі бір елдің азаматы өзге мемлекет Президентінің мақаласын оқып, оны аударып, насихаттауы сирек. Сондықтан Елбасының бұл мақаласына Қазақстанда ғана емес, жалпы Түркі әлемі, Ұлы даладан тамыр тартқан елдер қызығушылық танытып отыр», – деді. Түркі академиясы басшысының айтуынша, мақалаға Ұлы даладан тамыр тартқан елдер ғана емес, әлемнің басқа мемлекеттері де қызығушылық танытқан. Сондай-ақ, мақаланы тәржімалау 9 тілмен шектеліп қалмақ емес. Оны аудару ісі әлі де жалғаса береді. Жиын барысында Д.Қыдырәлі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының 9 тілге аударылып, басылған нұсқасын Nur Otan Talks алаңын ұйымдастырушыларға сыйға тартты.