«Nur Otan Talks» – еркін ой алаңы

«Nur Otan Talks» – еркін ой алаңы

«Nur Otan Talks» – еркін ой алаңы
ашық дереккөзі
Тұңғыш Президент күніне орай, Астанада «Nur Otan Talks» еркін ой алаңының кезекті іс-шарасы өтті. Алқалы басқосуға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мəулен Əшімбаев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырəлі, «Ұлттық кардиохирургиялық ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя, «Мейірім» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Аружан Саин жəне студенттер қатысты. Алғаш болып сөз алған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.Əшімбаев Елбасы шешімдерінің ел дамуындағы рөлі мен маңызына қатысушылардың назарын аударды. Өз тəжірибесіндегі кейбір естеліктермен бөлісіп, жас қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген сенімін күшейте түсті. «Ел дамуындағы ерекше оқиғалардың бірі болған Елбасының келесі стратегиялық бастамасы да «Болашақ» бағдарламасы сияқты əлі күнге дейін Қазақстанды жарқын болашаққа бастап келеді. Ол – Қазақстан Президентінің осыдан 20 жыл бұрын елордамызды Алматыдан сол кездегі Ақмолаға ауыстыру туралы тарихи шешімі. Үшінші стратегиялық бастама – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы. Бүгінде жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқан бұл бағыттағы жұмыстардың да ел болашағы үшін маңызы зор», – деді М.Əшімбаев. Қатысушылар тақырыпқа сай тəуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың елімізді дамудың жаңа деңгейіне алып шыққан бастамалары мен тарихи шешімдері жайында кеңінен сөз қозғады.