Жаңалықтар

Республикалық патриоттар форумы өтеді

ашық дереккөзі

Республикалық патриоттар форумы өтеді

2018 жылдың 5 желтоқсан күні Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында жыл сайынғы республикалық патриоттар форумы өтеді. Ауқымды шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ұйымдастырылып отыр. Форумның мақсаты – халықтың патриоттық рухын нығайтып, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады. Сондай-ақ, шараның маңызды бөлігінің бірі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасындағы Қазақстан жазуының латын графикасына ауыстырылуы. Салтанатты шараға Қазақстанның барлық өңірінен 200 делегат қатысады. Олардың ішінде өз кәсібінің үздік өкілдері, ел үшін қалтқысыз қызмет етіп жүрген: ұйым басшылары, этно-мәдени орталықтардың жетекшілері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының жетекшілері, еңбек ардагерлер, зиялы қауым және БАҚ өкілдері шақырылып отыр. Форум соңында ерекше еңбек етіп, күнделікті еңбегімен және үлгілі ісімен жұрт назарына ілінген, мемлекеттік рәміздерді насихаттауда шынайы сүйіспеншілігін көрсеткен азаматтарға «Жыл патриоты» номинациясы беріліп, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Журналистерді аккредиттеу бойынша  8775 942 33 22 байланыс нөміріне хабарласыңыздар!