Жаңалықтар

Үкімет басшысы Жамбылға келді

ашық дереккөзі

Үкімет басшысы Жамбылға келді

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев  Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Елбасының  жолдауында көрсетілген және атқарушы билікке жүктелген тапсырмалардың орындалу барысын бағамдай келген Үкімет басшысы бірден аймақтың тынысымен, бірқатар нысандардың жұмысымен танысты. Жолдауда жүктелген міндеттер аясында қайта жаңғырып,  жаңадан  ашылған нысанның бірі - Көкжиек-2030» сүт өңдеу зауыты.  Толықтай модернизациядан өткен кәсіпорын  Италияның «FRAU IMPLANTI» компаниясының жаңа үлгідегі құрал-жабдықтарымен жасақталған.  Автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейтін нысанды премьер министр бастаған топ арнайы аралап көрді. «Көкжиек - 2030» сүт өңдеу зауыты бүгінгі таңда толығымен автоматты түрде жұмыс істейді. Ол 15- түрлі сүт өнімдерін шығарып, Тараз қаласының дүкендерін арзан әрі сапалы өніммен қамтамасыз етіп отыр. Жылдық қуаттылығы 25- мың тонна сүт өңдеу. Кәсіпорынға Италиядан әкелінген заманауи қондырғылар қойылған. Үкімет басшысына сүт өңдеу цехының мүмкіндіктері таныстырылды. Үкімет басшысының жұмыс сапары одан ары Тараз қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы нысандарын аралаумен жалғасады. ҚР Премьер-Министрінің  барған келесі нысаны Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларға байланысты жаңадан ашылған  «Сәуле» кондитерлік фабрикасы болды. Жылына 2100 тонна өнім өндіретін зауыттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құраған. Үкімет басшысына  фабриканың жұмысы мен тынысы кеңінен таныстырылды. Кондитерлік фабрикаға келген үкімет басшысы әуелі Жамбыл облысындағы кәсіпкерлік және индустриялық жобалар аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұдан кейін өндіріс орнының тынысын көрді. «Сәуле» кондитерлік фабрикасы бүгінгі таңда жылына 2  мың тоннадан астам өнім өніруге қауһары жетеді.  Тәттілер фабрикасы бұрынғы автопарк аумағында орналасқан. Мұнда өндірілген тәттілер қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпіріне жөңелтіледі. Мұндағы қондырғылардың барлығы автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейді. Сондықтан, көп адам күшін қажет етпейді. Фабрикада 30 адам жұмыс істейді. Барлық желі іске қосылған соң 200 адам жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.Ал, қораптардың түрлері бойынша өнім түрі 34-ке жетті. Тағы бір айта кетерлігі мұндағы мамандар техникаларды оқып меңгеру үшін Ресей елінде біліктіліктерін арттырып келген. «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қомақты қаржыға несие алып, жұмысын жандандырып отырған кәсіпорын өңір экономикасын арттыруға өз үлесін тигізетіні анық. Премьер -министр Бақытжан Сағынтаев Тараз қаласында жаңадан бой көтеріп келе жатқан 15 - ықшам ауданға  да ат басын бұрды. Онда мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстары мен  жоба – жоспарлар  үкімет басшысының назарына ұсынылды. Ал  халықты жұмыспен қамту орталығында Үкімет басшысына аймақтағы  жұмыспен қамту бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндалды. Сонымен бірге «Нәтижелі жұмыспен қамту  және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде жұмыссыздарды  қысқа мерзімді оқыту мен оларды жұмысқа орналасу мәселесі бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды. Сондай ақ, Бақытжан Сағынтаев  өңірдегі кәсіпкерлермен келелі  кездесу өткізіп, қайта жаңғырған бірқатар нысандарды да аралап көрді. Тараздағы 15- мөлтек ауданда  бүгінгі таңда 80 пәтерлі -10 көпқабатты үй бой көтеріп келеді. «Нұрлы жер» және «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жұмыстардың басты мақсаты -  халыққа тиімді құрылыс жүргізу. Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасының» бірінші бағыты бойынша бірқатар жобалар іске асырылуда. Таразда  инфрақұрылыммен қамтылған 462 га жерде  екі мөлтек аудан бой көтеріп келеді.  Онда «7-20-25»  бағдарламасы бойынша 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй салу басталды.