Ақ үй: Трамп Путинмен Аргентинада келіссөз жүргізеді

 Ақ үй: Трамп Путинмен Аргентинада келіссөз жүргізеді

 Ақ үй: Трамп Путинмен Аргентинада келіссөз жүргізеді
ашық дереккөзі
Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы жұма және сенбіде Аргентинада өтетін G 20 (үлкен жиырмалық) саммитінде Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесетінін растады, деп хабарлайды centralasian.org. Сейсенбі күні АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон хабарлағандай, Трамп пен Путин биыл шілде айында Хельсинкиде кездескенде бастаған келіссөздерін жалғастырады. Болтонның сөзінше, Трамп Ресей президентімен "қауіпсіздік, аймақтық және қаруға бақылау жасау мәселелерін талқыламақ". Нақтырақ айтқанда Украина мен Таяу Шығыстағы жағдайды талқылайды. Трамп Ресейдің Керчь бұғазында Украинаның кемелерін басып алғаны жөнінде көтереді ме деген сұраққа, Болтон Ақ үйдің ұстанымын дүйсенбі күні БҰҰ-дағы АҚШ өкілі Никки Хейли жеткізді деді. Ол Ресейдің әрекетін сынға алған болатын. Ақ үй баспасөз хатшысы Сара Сандерс, Трамп Путиннен басқа Германия канцлері Ангела Меркельмен, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен және Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты. Әлемнің экономикалық жағынан дамыған жиыр елдің үлкен саммиті 30 қараша - 1 желтоқсан аралығында Аргентинада өтеді.