Жаңалықтар

Жолдаудағы маңызды міндеттер - басты назарда

ашық дереккөзі

Жолдаудағы маңызды міндеттер - басты назарда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдаған биылғы жолдауында 2019 жылды жастар жылы деп жариялағаны белгілі. Онда: «Келесі жылды жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек», – деді президент. Мұның өзі Елбасының ел өрендеріне үлкен сенім артып, олардан зор үміт күтетіндігінің айғағы. Осы ретте Жамбыл облысында 26 мың жас болса, олардың дені жолдауда айтылған жаңашылдықтарға қолдау білдіруде.  Бұл жастарымызды әр салада көруге деген мол мүмкіндік. Сондықтан да, 2019 жыл жастардың жаңа дүниелерге қол жеткізуіне сара жол ашылатыны анық. Бұл тұрғыда Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы  жалынды жастардың өз кәсібін ашуына жағдай жасамақшы. Ендігі жерде тәжірибесі бар бизнес саласында кәсібін дөңгелетіп отырған ханымдар арнайы «Менторинг» курсын ашып отыр. Онда жастарға семинар-тренингтер жүргізіліп, біліктіліктері арттырылды. «Елбасы жолдауы өте маңызды. Онда жастар жылы деп жариялап, жастарға қолдау көрсетілуде. Осыған орай біз   «Ментеринг» атты  программаны жүзеге асырудамыз. Онда барлық аймақтан келіп қатысқан өкілдерге тернингті қалай жүргізу керектігі үйретілді.  Бизнес саласында тәжрибесі бар іскер әйелдер  істің көзін қалай табу керектігі жайлы өздерінің көпжылдық тәжрибелерімен алмасады. Мұндай бастамамалар болашақта өз жемісін береді деп ойлаймын. Ең бастысы белсенді әйел өзін дамыту үшін, үнемі ізденісте, білім қоры тереңде болуы шарт», – дейді ҚР іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева. Сондай-ақ, Елбасы Жолдауында білім саласына да айрықша назар аударылды. Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс. Ал, орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диганостика жүргізу маңызды. Бұл Елбасы Жолдауындағы  нақтылап айтылған тапсырмалардың бір парасы. Бас құжаттағы басты бағыттарды орындау мақсатында  Жамбыл облысының Байзақ ауданында ұстаздар  қауымы семинар өткізді. Физика. Математика. Химия. Мектеп қабырғасындағы әрбір үшінші оқушының таңдауы әрине, қуантарлық жағдай. Дегенмен, грант саны көптігіне қарамастан, тапсырушылар аз. Жаратылыстану пәндері өзгертілген жаңа мазмұнда оқушы санасына қалай сіңіруге болады? Әр түрлі тәсіл. Әр түрлі пікір. Байзақ ауданында өткен семинарда талқыланды. «Жалпы Мәңгілік ел идеясының құндылықтарын сабақ құрылымына енгізу. Оқушылардың өажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне қарай . Тапсырманың дайындалуы бойынша толықтай ақапарат берілді. Саралау әдістері, сабақта қолдану мен тиімділігі айтылды», – дейді білім бөлімінің әдіскері Ұлбосын Әмірова. Бүгінгі қоғамға қажетті маманды даярлау басты міндет. Заманауи оқушы өзгерістерге үнемі бейім, жаңа білімді меңгеру қабілеті басым болуы шарт. Жиынға қатысушылар өзара сабақ өту тәжірибесімен бөлісіп, бейнесабақтар нұсқасын көрсетті.  Бұл расымен,шалғай жатқан елдімекен ұстаздарына қолжетімді әрі пайдалы дүние болары анық. «Жаңартылған білім мазмұны енгізгелі өте тиімді болды, дәстүрлі сабаққа қарағанда. Оқушылар топтық, жұптық жұмыстар арқылы ойларын ортаға салады. Сыни ойлауға қалыптасады. Ортақ шешім қабылдайды. Өзін бағалайды. Ойлау қабілеттерін дағдыландырып, қалыптасады», – деді мұғалім Динара Байтанаева. Білім жүйесіндегі Үштілділік саясаты бір қалыпты жүзеге асуда. Жаңартылған мазмұнда оқытылған мұғалімдер  басқосуда 3 тілде тиімді сабақ жоспарымен таныстырды. Мәселен, №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Разия Жұбандықова  10 айда жинақтаған білімімен бөлісті.  Мұндай семинар озық білім мен үздік тәжірибені сабақтастырып, саланың дамуына ерекше серпін береді деген сенім бар.