АҚШ-та қарлы боран салдарынан 1600 әуе рейсі кейіне шегерілді

АҚШ-та қарлы боран салдарынан 1600 әуе рейсі кейіне шегерілді

АҚШ-та қарлы боран салдарынан 1600 әуе рейсі кейіне шегерілді
ашық дереккөзі
АҚШ-та қарлы боран соғып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». Ауа райының қолайсыздығынан Канзас, Айова, Миссури және Небраска штаттары зардап шегіп отыр. Қазіргі уақытта 1600-ге жуық әуе рейсі кейінге қалдырылды, олардың көбі халықаралық әуе рейстері. 15 мыңнан астамы тоқтатылды. Қатты боран салдарынан аймақтың басты автомагистральдары жабылды. Жолдарда көптеген апаттар болып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі жоқ.