Семейдегі зауыттан жыл соңына дейін 700 көлік шығарылады

Семейдегі зауыттан жыл соңына дейін 700 көлік шығарылады

Семейдегі зауыттан жыл соңына дейін 700 көлік шығарылады
ашық дереккөзі
Семейдегі машина құрастыру зауытынан жыл соңына дейін әртүрлі модельдегі 700 жүк көлігі шығарылады, деп хабарлайды «Хабара 24». Әсіресе сұранысқа ие «Урал» автокөліктері болып отыр. Оларды негізінен отандық  геологиялық барлау және мұнай өндіруші компаниялар сатып алады екен. Көліктер 6-дан 22 тоннаға дейін жүк арта алады. Айта кету керек аталған зауытта 500-ден аса адам еңбек етеді. Және олар жыл сайын өздерінің біліктіліктерін арттырып отырады. «Урал көлігі көп өтеді, өйткені ол жол жоқ жерлерде жақсы жүреді. Еімізде мұнай өндірушілер мен геологтар жолы жоқ, иен далада жұмыс істейді. Сол себепті біз солар үшін арнайы көліктер шығарамыз», - дейді автоқұрастыру зауытының техникалық директоры Жандос Ильясов.