Египетте перғауын нөкерінің мәйіті табылды

Египетте перғауын нөкерінің мәйіті табылды

Египетте перғауын нөкерінің мәйіті табылды
ашық дереккөзі
Египеттің Луксор қаласы маңындағы тарихи Аль-Барр аль-Гарби ауданында перғауындардың 14-династиясы дәуіріне тиесілі мәйіт табылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Археологтардың дерегі бойынша, ол біздің заманыздан бұрын ХІІІ ғасырда көмілген. Ал жерленген адам ежелгі Египет билеушісі нөкерлерінің бірі болған. Айта кетейік, бұл жердегі қазба жұмыстары биылғы жылдың наурыз айынан бастап жүргізіліп келген. Осы уақытқа дейін зерттеушілер екі саркофаг «ушебти» деп аталатын мыңдаған кішкентай мүсін мен перғауын дәуіріне тиесілі жәдігерлерді тапты.