Угандада су көлігінің апатынан 30 адам қаза тапты
Угандада су көлігінің апатынан 30 адам қаза тапты
Виктория көлінде бортында 100 жолаушысы бар яхта апатқа ұшырады. Угандадағы Виктория көлінде болған апаттан кем дегенде 30 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters хабарлайды, деп жазды «Хабар 24».
Бортта барлығы 100-ден астам адам болған. Оқиға барысында 40 адам құтқарылды. Айта кету керек, құтқарылғандар арасында 1960 жылдары елдегі биліктен аластатылған Дауди Васайя патша әулетінің тақ мұрагері бар болып шықты. Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасуда.