Жайна Шекербекова бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
24 қараша, 2018 /
Назым Тойлыбаева
Жайна Шекербекова бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Жайна Шекербекова Нью-Делиде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық спортшы әлем біріншілігінің финалында Солтүстік Корея өкілі Пан Чхоль Миден ұтылып қалды. Есеп – 0:5. Төрешілер жеңісті бірауыздан Жайнаның қарсыласына берді. Жайна Шекербекова Қазақстан қоржынына екінші медальды салды. Бұған дейін 60 келідегі Карина Ибрагимова қола жүлдегер атанған болатын.