Жайна Шекербекова бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жайна Шекербекова бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жайна Шекербекова бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
ашық дереккөзі
Жайна Шекербекова Нью-Делиде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Қазақстандық спортшы әлем біріншілігінің финалында Солтүстік Корея өкілі Пан Чхоль Миден ұтылып қалды. Есеп – 0:5.  Төрешілер жеңісті бірауыздан Жайнаның қарсыласына берді.  Жайна Шекербекова Қазақстан қоржынына екінші медальды салды. Бұған дейін 60 келідегі Карина Ибрагимова қола жүлдегер атанған болатын.