Жаңалықтар

Mazda Ресейден 60 мың көлікті кері қайтарып жатыр

ашық дереккөзі

Mazda Ресейден 60 мың көлікті кері қайтарып жатыр

Жапонияның Мазда Мотор компаниясы Ресейден 60 мыңнан астам көлікті қайтарып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Олардың барлығы 2006 және 2014 жылдары аралығында жасалып шығарылған. Бірнеше жыл қолданыста болған көліктер уақыт өте келе ескіріп ақаулар пайда болған. Жоғары ылғалдылық салдарынан қауіпсіздік көпшігінің газ генераторы жарыла бастаған.Оның кесірінен механизм апат болған жағдайда дұрыс іске қосылмай қалады. Кей жағдайда құрылғының бөлшектері адамды жарақаттауы, тіпті мерт қылуы да мүмкін. Ресейде орналасқан компания өкілдерінің айтуынша, газ генераторын ауыстыру мен диагностика шығындарын компания өтейді. Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі апта бұрын Мазда 640 мың көлікті қайтарған болатын. Бұған дизельді қозғалтқыш клапанындағы ақау себеп болған.