Аңшылар биыл 320 қасқырды атып алған
Аңшылар биыл 320 қасқырды атып алған
ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жануарлар әлемін қорғау бөлімі берген мәліметке сүйенсек, жыл сайын аймақтағы жыртқыш аңдардың санын реттеу бойынша шаралар жүргізіледі. Осы шаралар аясында биыл 320 қасқыр атып алынған, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Облыс бойынша жалпы қасқырдың саны - 1038. Бұл - өткен жылы тіркелген көрсеткіш. Соңғы үш жылда қасқырдың саны тұрақты, 1200-ден аспаған. ҚР Білім және ғылыми министрлігіне қарасты Зоология Институтының ұсынысына сәйкес, қасқырдың жалпы популяциядан 50 пайызын атып алу қажет екен.
Қасқыр аулауға жылдың кез келген мезгілінде шығуға болады. Оларды атып алудың бірнеше әдіс-тәсілдері де бар. Арнайы рұқсат алудың қажеті жоқ.
Қасқыр ату науқанында жергілікті бюджеттен жыл сайын сыйақы бөлініп отырады: ересек қасқыр үшін - 12 000 теңге, бөлтірік үшін - 6000 теңге мөлшерінде.