Жаңалықтар

Австралия ормандары өртке оранды

ашық дереккөзі

Австралия ормандары өртке оранды

Бейсенбі күні Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының өрт қызметі орман өртіне байланысты жедел ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап. Орман өрті Сиднейден солтүстікке қарай 200 шақырым жердегі Стивенс портының маңында, Солт Эш ауданында бақылаудан шыққан. Кейбір тұрғындар кетіп үлгермеген. Жергілікті өрт сөндіру қызметі қорғанатын пана табуды сұраған, себебі өрт жақындап келеді. «ЕСКЕРТУ - Richardson Road, Campvale. Егер Сіз  Salt Ash Ave, Hideaway Dr, Shady Ave, Nelson Bay Rd, Lemon Tree Passage Rd, Janet Pde and Marsh Rd аудандарында болсаңыз, эвакуацияға уақыт қалмады. Өрттен қорғанатын пана іздеулеріңізді сұраймыз, себебі жалын жақындап келеді», - делінген Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты Өрт сөндіру қызметінің Туиттердегі парақшасында. Өрт сөндіру қызметі тұрғындардың мүліктерін «ұшақ-цистерна» көмегімен құтқаруға тырысып жатыр. Бұл туралы Өрт сөндіру қызметінің хабарламасында айтылған: «Хантер (Hunter) өңіріндегі өрт сөндірушілерге бүгін түсте Gaia 737 ұшақ цистернасы жіберілді. Бұл ұшақ әлемде алғаш рет өрт сөндіру үшін қолданылып отыр. Оның көмегі орасан».