Жаңалықтар

Дүниежүзілік дәретхана күні

ашық дереккөзі

Дүниежүзілік дәретхана күні

Белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдар үшін Алматыда 21 қараша күні ерекше іс-шара өтті. Ол Дүниежүзілік Дәретхана Күніне арналды. Қауіпсіз әрі таза дәретхананың болмауы –гигиеналық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ денсаулық үшін де қауіпті екенімен ешкім дауласпайды. Бұл ретте ғаламшар тұрғындарының үштен бір бөлігінен астамы дұрыс ұйымдастырылған санитарлық жүйелерді пайдалану мүмкіндігінсіз өмір сүреді. Осы арманға қол жеткізу үшін ғаламшардағы тұщы су қоры жетіп жатыр. Алайда, ойластырылмаған экономика мен әлсіз инфрақұрылым салдарынан жыл сайын миллиондаған адам, олардың көбі балалар, лайықсыз сумен жабдықтауға, санитария мен гигиенаға байланысты аурулардан көз жұмады. Дүниежүзілік дәретхана күні БҰҰ Ресми күні ретінде 2013 жылдың 19 қарашасынан бері бар. Оның мақсаты – адамдарды санитария саласындағы жаһандық дағдарыспен күресуге шабыттандыру, оларға ақпарат беру, мәселеге жұмылдыру және ғаламшар тұрғындарынының таза әрі қауіпсіз дәретханаларға қолын жеткізу үшін әрекет етуге және көмек беруге ынталандыру. Unilever компаниясы жағдайды өзгертуге көмегін тигізу мақсатында жаһандық бастама әзірледі. 2016 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайынғы Мектеп Науқаны аясында мектептерге тазалық пен гигиена сақтау үшін Domestos тазартқыш құралының жылдық қоры тегін беріліп отырды. Техникалық қызметшілер үшін тренингтер, сондай-ақ оқушыларға арналған ашық сабақтар өткізілді. Осы шаралар оларға жеке гигиена ережелерін сақтаудың маңыздылығын жеткізу мақсатында өткізілді, сондай-ақ мектеп дәретханаларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектеп науқаны 2018 жылы 1000 мемлекеттік мектепті (ал бұл Қазақстандағы осындай мектептердің жартысы дерлік) қамтыды, онда барлығы 1,3 млн оқушы оқиды.  «Бүгінгі күннің тақырыбы – «Дүниежүзілік дәретхана күні» – сіздерде "аралас" сезім тудырған сияқты, алайда, бүгін өте маңызды проблемалар мен мәселелер туралы сөз қозғалады. Шешілуі тиіс проблемалар туралы. Көтерілуі тиіс мәселелер туралы. Unilever компаниясы "Тұрақты даму жоспары мен өмір сапасын арттыру" аясында жаһандық жұмыс жасайды. Бұл қоғам алдында алған жауапкершілікке, қоршаған ортаға әсерді төмендетуге, адамдардың өмір деңгейін арттыруға, сондай-ақ қайырымдылық бастамаларға да қатысты. Бүгін сіздерге айтқымыз келіп отырған бастамалар. Бүгінгі таңда әлемдегі шамамен 4,5 (төрт жарым) миллиард адамның таза әрі қауіпсіз дәретханаға қол жеткізе алмайтынын бәрі біле бермейді. Дәл осы себеп бойынша, біз 2020 жылға дейін бүкіл әлем бойынша 25 миллион адамның таза әрі қауіпсіз дәретханаға қол жеткізуіне көмектесу міндетін өз мойнымызға алдық. Гигиенаға байланысты аурулардың салдарынан жыл сайын миллиондаған адам көз жұмады, олардың көбі – балалар.  Және де өкінішке орай, Қазақстан да солардың қатарында. Әсіресе, аймақтарда осы проблема өте өзекті. 2016 жылдан бері осы бағытта өте белсенді жұмыс істеп келеміз. Біздің Мектеп бағдарламамыз Қазақстанда 3 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Біз гигиена проблемалары туралы хабардарлықты арттырып, оларды шешу үшін көптеген іс-шаралар өткіземіз. 2018 жылы біз Қазақстанда 1000 мектепті қамтыдық, ал бұл елдегі барлық мектептің жартысы дерлік, онда 1,3 миллион бала оқиды», – деді  Customer manager,  Unilever Kazakhstan Екатерина Дмитриева.  «Біз Unilever компаниясына олардың көрсеткен қолдаулары мен мектебіміздің балаларына арналған дәретхананы жөндеудегі көмектері үшін алғыс білдіреміз. Бұрын дәретханаларда унитаздар арасында қабырға болмаған, балалар онда баруға ұялатын. Мектеп сонау 70-ші жылдары салынған, ал дәретханаларда жөндеу жұмыстары сирек жасалатын, сантехника ескі болатын. Ал, қазір барлығы жарқырап тұр. Сондай-ақ, балаларымыз да гигиенаға жауапкершілікпен қарайтын болды. Санитария жөніндегі ашық сабақтарда оларға тазалықты қалай дұрыс сақтау керектігі жайында өте түсінікті әрі қызықты түрде түсіндірілді», – деді  №35 мектеп-гимназиясы директорының бастауыш мектеп жөніндегі орынбасары Стефания Кучербаева. Қоғам қайраткері Адель Смит те іс-шараға қатысты. «Мектеп Бағдарламасы компаниясының жасап жатқаны – ең алдымен, таңқалдыратын ақция. Бұның бәрі не үшін қажет деген сияқты сұрақтар туындамайды. Дәретхана – бала жалғыз өзі болатын орын. Ол жерде мектеп директоры жоқ, ата-анасы, әжесі мен атасы да жоқ – ол жерде тек сасық лас тесік пен дәрет сындыруға келген бала ғана бар. Сондықтан, бүгінгі таңда Domestos құралының жасап жатқаны – жай ғана жарнамалық акция немесе қандай да бір әлеуметтік жоба емес, ол – халықтың денсаулығы, балаларымыздың жайлылығы, алар білімі. Жайлы жерде білім алатын және оның мұқтаждығына қарай табиғи нәрселер ұсынылған бала әрине, мүлдем басқаша оқып, басқаша білім алатын болады. Бұл баланың иммунитеті, оның мәдениеті, қоғамдық өмірдің қандай болу керектігі, шынайылықтың қандай болу керектігі туралы баланың түсінігі. Дәретханасы таза, керемет, кең мектепте білім алған бала ешқашан еш жерді ластап, былғамайды. Бүгінде бүкіл Қазақстанды қамтыған акция, міне, осындай. Алайда, меніңше, Мектеп Бағдарламасы елімізді зерттеген сайын, проблема да көптеп ашылуда, ал біз өз кезегімізде, олардың шешімін табуға көмектесе аламыз. Бірақ, бұл акция – балаларымызға ауадай қажет, менің ойым солай», – деді Қоғам қайраткері Адель Смит.