Бурабайда бақ сынаған балалар

Бурабайда бақ сынаған балалар

Бурабайда бақ сынаған балалар
ашық дереккөзі
Бурабайда «Мен – чемпион» балалардың спорттық ойынының республикалық кезеңі өтуде. Жобаның тарихында тұңғыш рет Қазақстанның 13 облысынан келген оқушылармен бірге, Ресей және Өзбекстан елдерінің командалары қатысуда. «Ақмола облысы әсем табиғатымен ғана емес, тарихи орындары және тұлғаларымен танымал. «Мен – чемпион» балалар спорттық ойынының Бурабай баурайында өткізілуінің тарихи маңызы зор. Баршаңызға сәттілік тілеймін», – деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова құттықтау сөзінде. «Мен – чемпион» жобасына қатысушыларды қолдауға танымал қазақстандық палуан Әлем және Қазақстан рекордшысы Сергей Цырульников келіп, жанкүйер болуда. «Мен – чемпион» жобасы қазақстандық мектеп оқушыларының қызығушылығын арттыруда. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл ойынды мектептегі спорттық шаралар тізіміне енгізді. Енді міне, жоба халықаралық сипатқа ие болуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастапқыда «Мен – чемпион» жобасы Қазақстандағы балалардың спорттық қозғалысы ретінде танымал болды. Қазір оның шекарасы кеңеюде. «Жобаға тұңғыш рет Өзбекстан Республикасынан бір, Ресейден екі команда қатысып отыр. Оның ішінде Омбы облысынан келген команданың қазақ этномәдени орталық өкілдерінен құралғаны қуантады. Бұл жобаның көпұлтты екенін көрсетеді. Келешекте жоба халықаралық мәртебесін алып, Ресей және Өзбекстан елдерінің мектеп оқушылары арасында қызығушылығы артады деп ойлаймын. Жобаның басты мақсаты балалардың спортпен шұғылдануына және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған», – дейді жобаның жетекшісі әрі авторы Евгений Сазанов.