Жол апаты азаймай тұр

Жуырда Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан жол апаты жөнінен әлем бойынша алғашқылар қатарында екенін жеткізді. Жыл сайын елімізде жол апаты салдарынан 3 мыңға жуық адам қайтыс болады. Сонымен қатар, 3 мың 500-ден астам адам жарақат алып, зардап шегеді. Яки, Қазақстандағы көлік апатының деңгейі Норвегиядан 11 есе көп. 2018 жылдың 6 айында 6703 жол оқиғасы орын алып, 780 адам көз жұмған. «За рулем» Қазақ­стан журналының бас редакторы Алексей Алексеев: «Апатты жағдайдың басым көпшілігі Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелген. Тас жолда қайғылы жағдайдың орын алуының басты себептері қарсы бетке шығып кету, ал қалада бағдаршамның қызыл түсіне өту, бұрылыста жылдамдықты сақтамау болып отыр», ‒ дейді. Мамандардың айтуынша, автомобиль әлемдегі ең қауіпті көлік түрі. Статистика бойынша, ұшақ апаттары жылына 500 адамның өмірін жалмаса, көлік апаты салдарынан 1 миллион 240 мың адам қаза табады.

 

Back to top button