Арзан билет арман болса...

Арзан билет арман болса...

Арзан билет арман болса...
ашық дереккөзі
«Қазақстан Темір жолы» АҚ баспасөз қызметі арзан билетке қол жеткізу жолдарын айтып берді.Баспасөз қызметі хабарлағандай, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдың 11 қыркүйегінен бастап Қазақстан ішіндегі әлеуметтік маңызы бар бағыттарға бағаны реттеу жүйесін өзгерткен болатын. Атап айтқанда, бұл жеңілдіктер тіркеме мен өзге елдердің бағдарларын, жекеменшік компаниялардың пойыздарын қоспағанда 52 бағыт бойынша беріледі. «Бағаларды реттеудің жаңа жүйесі динамикалық тарифтік басқару бағдарламасы бойынша құралды. Бұл – әлемдік әуе және теміржол тасымалында пайдаланылатын тәжірибе. Жолаушылар Қазақстан ішіндегі бағытқа теміржол билеттерін 45 күн бұрын сатып алса, 25 пайыздық жеңілдік бар. Жеңілдік көлемі бос орын санына, аттану күніне дейін қанша тәулік қалғанына байланысты болмақ. Жүретін күн жақындағанда билетке 25 пайыздан артық үстеме қосылмайды. Қазақстан бойынша бұдан бөлек 14 коммерциялық бағыт бар. Олардың 9-ы «Тальгоға» тиесілі. ҚР заңнамасына сәйкес, коммерциялық бағытта билет құнын тасымалдаушы өзі қояды. Баға жолаушылар ағыны мереке күндері басымдық берілетін бағыттарға байланысты болады. Бұл бағыттарда билет құны «+- 35 пайызға дейін» жетеді. Жолаушылар 35 пайыздық жеңілдікпен, немесе 35 пайыздық үстемемен сатып ала алады. Билет құнынан түскен қаржы негізінен жаңа сервистік қызметтерді енгізуге, вагон паркінің техникалық қамтылуын жақсартуға жұмсалады», – дейді «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов. Айта кету керек, әлеуметтік желіде теміржол билеттерінің аса қымбаттығын, пойыздарда қызмет көрсетудің сапасыздығын сынаушылардың саны көп. Белгілі блогер Андрей Фендриков қазақтың қара домбырасымен Тальго туралы терме айтқан. Онда өнерпаз Тальго пойызының ішінде шыны мен қасық билейтінін, тарлығын, мейрамхананың негізсіз қымбаттығын айтқан еді. Көп ұзамай ҚТЖ АҚ қызметкерлері де оған термемен жауап берді.