Басына мұз кесегі құлаған әйел көз жұмды
20 қараша, 2018 /
Назым Тойлыбаева
Басына мұз кесегі құлаған әйел көз жұмды
Алматыда әйел басына мұз кесегі құлап мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайғылы оқиға бүгін түскі сағат 13:00 шамасында Бостандық ауданында болған.
«Әйел 1958 жылы туған. Оның өлімі бойынша дерек Бостандық ауданы ІІБ тіркелді. Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.