Жаңалықтар

Сауат Мыңбаев "Қазақстан темір жолы" басқарма төрағасы болып тағайындалды

ашық дереккөзі

Сауат Мыңбаев "Қазақстан темір жолы" басқарма төрағасы болып тағайындалды

Сауат Мыңбаев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев 1962 жылы 19 қарашада Алматы облысы Алакөл ауданында дүниеге келген. 1985 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "экономист-кибернетик" мамандағы бойынша тәмамдаған, экономика ғылымдарының кандидаты. Ол 1995-1998 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде министрдің орынбасары, министрдің бірінші орынбасары, бірінші вице-минстр қызметтерін атқарды. 1998 жылы ҚР Қаржы министрі, 1999 жылы ҚР Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары, 1999 жылы шілдеде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. 2001-2002 жылдар аралығында "Қазақстанның Даму банкі" ЖАҚ-ның президенті, 2002 -2003 жылдары - "Каспий Өнеркәсіп – Қаржылық тобы" ЖШС бас директоры болды. 2003 жылғы маусымнан 2004 жылғы желтоқсанға дейін - ҚР премьер-министрінің орынбасары, 2004 жылдың желтоқсанынан ҚР Индустрия және сауда министрі, 2006-2007 жылдары "Самұрық" Қазақстанның мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі холдинг" АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарды. 2007-2010 жылдары - ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрі, 2010-2013 жылдары - ҚР мұнай және газ министрі және 2013 жылғы шілдеден бүгінге дейін "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы болды. Мыңбаев ІІІ дәрежелі "Барыс" және "Достық" ордендерімен, медальдармен марапатталған.