Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады
ашық дереккөзі
«Fly Dubai» әуе компаниясы Шымкент - Дубайға бағытында ұшатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті халықаралық бағыттағы жаңа рейстерді ашу және қолданыстағы бағыттардағы жиіліктерді арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырып келеді. Бұл ретте, 2018 жылғы 29 желтоқсаннан бастап Біріккен Араб Әмірліктерінің Fly Dubai әуе компаниясы Шымкент - Дубай жаңа рейсін ашуды жоспарлап отыр», - делінген комитеттің Фейсбуктегі парақшасында. Шымкент - Дубай - Шымкент бағытындағы рейстер аптасына екі рет сейсенбі және сенбі күндері Boeing 737 ұшағы орындайды. Сонымен қатар, жолаушыларға ыңғайлы болу үшін және туристік маусым мен мереке алдындағы кезеңде сұранысты қанағаттандыру үшін Fly Dubai әуе компаниясы 2019 жылдың көктемінен бастап Астана - Дубай - Астана бағыты бойынша аптасына орындалатын рейстер жиілігін 4-5 рейске дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Комитет аталмыш рейс Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ биылғы жылы республикалық маңызы бар қала атанған Шымкенттің әлеуетін дамытуға ықпал етеді деп мәлім етті.