АҚШ саудиялық журналист Хашоггидің өліміне байланысты санкция енгізді

АҚШ саудиялық журналист Хашоггидің өліміне байланысты санкция енгізді

АҚШ саудиялық журналист Хашоггидің өліміне байланысты санкция енгізді
ашық дереккөзі
АҚШ саудиялық журналист Жамал Хашоггидің өліміне байланысты санкция енгізді. "Магнитск заңы" аясында қаржылық шектеуге Сауд Арабияның 17 азаматы енді, деп хабарлайды centralasian.org. "Қара тізімге" енгендердің арасында Сауд Арабияның Стамбұлдағы бас консулы, Эр-Рияд барлау полковнигі және тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салманның кеңесшісі бар. АҚШ қаржы министрлігі аталған адамдар журналисті өлтіру операциясына қатысқан деп атады. Жамал Хашогги соңғы жылдары Сауд Арабия саясатын ашық сынап жүрген журналистердің бірі болды. Қазан айының басында ол Стамбұлдағы Сауд Арабияның консулдығына барып, содан ұшты-күйлі жоғалып кетті. Бірнеше аптадан кейін Эр-Рияд журналистің өлтірілгенін мойындады. Бірақ оның денесі сол күйі табылмады. Сауд Арабия прокуроры Хашоггиді өлтіру туралы бұйрықты Стамбұлға аттанған келіссөз тобының басшысы бергенін мәлімдеді. Олар шын мәнінде Хашоггиді отанына әкелмек болған. Прокурор 11 адамға айып тағылғанын жеткізді. Бірақ Эр-Рияд бұл іске ел билігінің қатысы жоқ деп отыр. Батыс елдері мен Түркия арнайы қызметі мұнымен келіспейді. Олар журналисті өлтіруге тақ мұрагері ханзада Салманның қатысы болуы мүмкін деп есептейді.