Құлпынай – кек алудың құралы

Құлпынай – кек алудың құралы

Құлпынай – кек алудың құралы
ашық дереккөзі
Ол мұндай қылмысқа кек алу үшін барған. Тегі вьетнамдық 50 жастағы әйел жұмыс берушіге ызаланғандықтан, құлпынайларға ине жасырғаны белгілі болды. Оның компания басшысына неліктен өшіккені әзірге белгісіз. Сот процесінде Ми Ут Тринхке заң бұзу тармақтары бойынша жеті айып тағылып, экономикалық зиян келтіру мақсатында тауарларды ластағаны үшін жауапқа тартылды. Соттың айтуынша, әйелдің ДНК-сы Виктория штатында сатылымға шыққан құлпынай қорабынан табылған. Квинсленд полициясының бастығы тергеудің әлі толық жүргізіліп бітпенгендігін мәлімдеді. Әдетте, мұндай қылмыс үшін үш жылға бас бостандығынан айырылады. Алайда полиция қызметкерлері бұл істе ауырлататын жағдайлардың бар екендігін және дәл осы қылмыскерді бас бостандығынан айыру мерзімі он бес жылға дейін ұзартылатынын айтты. Жергілікті телеарналардың хабарлауынша, әйел Berry Licious құлпынай өсіру фермасында супервайзер болып жұмыс істеген. Бірақ оның адвокаты Майкл Кридландтың айтуынша, ол құлпынай жинаумен және оны қорапқа салумен айналыспаған.            Құлпынай арасынан ине табылған бірінші жағдай осы жылдың қыркүйек айында тіркелген. Бұдан кейін Австралия полициясы жеті австралиялық құлпынай өсірушілері өнімдерінің ішінен тігін инелері шыққан бірқатар фактілерден кейін федералды тергеуді бастап кеткен. Бұнымен бітпей, дәл осындай инелер кейіннен банан мен алмадан табылады. Билік өкілдері болса кез келген жидекті турап жеуге кеңес беріп, қылмыскерді ұстауға көмектесетін жандарға 100 мың австралиялық доллар (70 мың АҚШ доллары) сыйақы беруге уәде етті. Ал Австралияның Woolworths супермаркеттер желісі бүкіл ел бойынша орналасқан дүкендерінен тігу инелерін сатылымнан алып тастады. Австралия премьер-министрі Скотт Моррисон жеміс-жидектерге ине тығатын қылмыскерлерді бас бостандығынан 15 жылға айыру арқылы жазасын қатаңдату керектігін айтқан. Тіпті, бұл заң Сенатта мақұлданып та үлгерген көрінеді. Сондай-ақ, Ұлыбритания мен Ресей импорттаушыларының бір бөлігі Австралиядан әкелінетін өнімдер импортын тоқтатқан. Ал Жаңа Зеландиядағы супермаркеттер желісі австралиялық брендті құлпынайларды сатудан шығарып тастады.