Сейсенбі, 4 Қазан, 2022

Заман озды, үйлер тозды

Алматыда өңірлік коммуникациялар қызметінде Жетісу  ауданының əкімі Мұхтар Тəжібаев ескі үйлерді сүру мен азаматтарды жаңа үйлерге көшіру жұмыстары туралы айтты.

Жетісу  ауданы – Алматыдағы ірі өндірістік аудандардың бірі. Мұнда 164 мың адам тұрады. Аудандағы үйлердің көпшілігі осыдан жарты ғасыр бұрын бой көтерген. Əкімдіктің хабарлауынша, ауданда 181 ескі үй сүруді  талап етеді. Сондай-ақ, аудан басшысы апатты үй мен ескі үйді шатастырмауды  сұрады. «Апатты үйлер мен ескі үйлер екеуі екі түрлі түсінік береді. Апатты деген арнайы комиссияның шешімінен  соң адам тұруға жарамсыз деп танылған үйлер. Ескі  үйлер деген біршама тозғанмен адам тұруға  болатын үйлер. Жетісу  ауданында апатты үйлер жоқ. Ал 181 ескі үй бар. Бұл 1960 жылдары қос қабатты каркас пен қамыстан салынған үйлер.  Бағдарлама 2012 жылы ашылды, 2013 жылы толық жұмыс басталды. Бірақ Жетісу  ауданында əлі жүргізілмеді», – деді Мұхтар Тəжібаев.

Жетісу ауданында ескі үйлер Райымбек-Боткин, Райымбек – Гончаров шаршысында сүріледі. «Бұл екі кварталда құрылысқа жеке инвестор тартылады. Құрылыс бюджет ақшасынан жүргізілмейді. Бір бөлмелі үйлердің тұрғындарына 1 бөлмелі, 2 бөлмелі пәтер иелеріне 2 бөлме беріледі. Əрине, бірден 180 үй салынбайды. Райымбек, Боткин, Казаков көшелерінің шаршысында  10 үй сүріледі», – деді аудан əкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button