Жаңалықтар

Әлем таңғалған алып орда

Әлем таңғалған алып орда

Моңғолияның «Сэлнэн» компаниясының шеберлері жасаған алып киіз үй Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

Киіз үй елдің шығысындағы Дорноговь аймағының Қатынбұлақ ауылындағы Ханги-Мандал бақылау-өткізу пунктінің маңына құрылған. 36 қанатты киіз үйдің жалпы ауданы 1 мың шаршы метрдей болады. Алып орда бір уақытта шамамен 500 адамды сыйдыра алады. Киіз үйдің биіктігі 14 метр, бұл үш қабатты ғимараттың биіктігімен бірдей. Киіз үйдің басты ерекшелігі – моңғолдың дәстүрлі дизайны мен үйді әзірлеу әдістерінің сақталуы. Үлкен болғанына қарамастан, киіз үйдің төрт бағанасы бар. Киіз үй шетелдік туристер үшін нағыз көзайым болмақ. Қазақстанда да ұлтымыздың мәңгілік жәдігері – киіз үйге құрмет кең қанат жая түсуде. Еске сала кетсек, Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы бағбан жүзіммен көмкерілген киіз үй жасады. Сонымен қатар, қостанайлық мұғалім «ақылды» киіз үй жасап шыққан болатын.