Сотталғандардың мекен-жайлары тексерілуде

Сотталғандардың мекен-жайлары тексерілуде

Сотталғандардың мекен-жайлары тексерілуде
ашық дереккөзі
 2018 жылдың 12-нен 23 қараша аралығында 18.08.2014 жылғы ІІМ № 517 бұйрығымен бекітілген «Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың жүріс-тұрысын бақылауға байланысты, пробация қызметі мен полиция бөлімшесі бірлесіп атқаратын іс-шараларын бекіту туралы» нұсқаулыққа сәйкес, Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің Наурызбай аудандық пробация қызметі бөлімі мен Алматы қаласы Наурызбай аудандық жергілікті полиция инспекторлары бірлесе отырып,  сотталғандардың мекен-жайын тексеруді жүргізуде. «Подучетник» атты Республикалық профилактикалық іс-шара барысында Алматы қаласы Наурызбай ауданы пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған бас бостандығынан айырудан басқа жазаға сотталғандардың мекен-жайлары тәуліктің түнгі уақытында тексерілуде. Аталған іс-шараның мақсаты қайта қылмыс жасалудың алдын-алу және әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу болып табылады. Сондай-ақ, есепте тұрған тұлғалармен, жазаны өтеу тәртібі мен шарттарының орындалуын инспекторлар қадағалауда ұстауда. Сонымен қатар сотталғандардың өзі және жақын туыстарымен сұхбат жүргізіледі. Оларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 43,44,63,74 баптарында көрсетілген жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілуде. Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімдігінің 24.07.2018 жылғы  пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы №3/350 қаулысына сәйкес, есепте тұрған әлеуметтік-құқықтық көмекті қажет ететін, нақтылай айтсақ тұрақты жұмысы жоқ тұлғаларды Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығы, мамандығына сай жұмыс орындарына жолдауда. Қазіргі таңда осы квота негізінде ЖШС «Сити Building құрылыс» мекемесіне бояушы болып, есепте тұрған бір сотталған кірсе, тағы бір сотталған ЖШС «Нәзік» фирмасына жүргізуші-экспедитор болып жұмысқа орналасты.