Мұның атын жүзім дейді...

Мұның атын жүзім дейді...

Мұның атын жүзім дейді...
ашық дереккөзі
Түркістан облысының Жетісай ауданына қарасты Абай ауыл округіндегі жүзімдік алқабы 280 гектарға жетіп отыр. Қазір мұнда жүзім жинау науқаны толықтай аяқталып бітті.  Өңірдегі ең ірі «Махарам» шаруа қожалығы егіс алқабының әр гектарынан 25 центнерге дейін өнім алуға қол жеткізген. Жалпы аталған қожалықтағы 42 гектар жүзім алқабының 26 гектары биылғы жылы өнім берсе, қалған 16 гектары алдағы екі жылда жемісін бере бастамақ. Қожалық төрағасы Махарам Нифталиевтің айтуынша, 1 гектарға шамамен 2 миллион теңгеге жуық шығын кетеді. Ал 50 жылға жуық өнім беруге қауқарлы жүзім бақтары жалпы кеткен шығынды 5-6 жылда толығымен ақтайтын көрінеді. Жүзімдік алқабында 30 адам жұмыс істеп, табыс тауып, отбасын асырап отыр. Бір айта кететін жәйт, республикада өндірілген жүзімнің 72,5 пайызы Түркістан облысының еншісіне тиесілі.

Сейітхан Зеберханұлы