СЫР ЕЛІ СМАРТ СИТИГЕ АЙНАЛМАҚ

СЫР ЕЛІ СМАРТ СИТИГЕ АЙНАЛМАҚ

СЫР ЕЛІ СМАРТ СИТИГЕ АЙНАЛМАҚ
ашық дереккөзі
Қызылорда қаласы жаңа технологияның жетістіктерін сынауға кірісті. Болашақта тұрғындар коммуналдық шығындарға қазіргіден 36 пайыз аз төлеуі мүмкін. Өңірде «Ақылды тұрғын үй ‒ коммуналдық шаруашылығы» жобасы жүзеге асырылады. Жоба бойынша пәтерлерде күн сайын тұтынатын судың, газдың, электр мен жылудың көлемі туралы ресурстық орталыққа мәлімет жіберіп отыратын құралдар орнатылады. Аталмыш технология арқылы коммуналдық ресурстардың нақты қанша пайдаланылғаны анықталады. Сонымен қатар, түрлі апаттық жағдай мен кейбір тұрғындар заңсыз қолданған коммуналдық қызмет түрінен компанияға келген шығын нақты анықталады. Осы арқылы сала қызметінің жүйелі жұмыс жасауына барынша оң әсер ету көзделіп отыр. Қазір пилоттық жүйеде жоба жұмысын бастады. «Облыс орталығындағы Есімхан көшесіндегі 6 тұрғын үйдің жертөлесінде «LoRaWAN» технологиясының базалық стансасы мен модемі су, жылу және жарық қондырғыларына орнатылды. Жалпыүйлік есептегіш орнатылған жағдайда тұрғындар коммуналдық төлемді 36 пайыз аз төлейді. Сондықтан коммуналдық шығындарды жоғары деңгейдегі «ақылды құралдармен» төлеген тиімді болады», ‒ дейді «Қызылордатранстелеком» АҚ филиалының менеджері Алмасбек Арманов.