БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАР – БАСТЫ КҮШ
БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАР – БАСТЫ КҮШ
Кеше Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өз жұмысын бастады. Бұл – партия Төрағасы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен алғаш рет өткізіліп отырған ауқымды іс-шара. Форумға еліміздің әр өңірінен 600 делегат келді. Олар – бастауыш партия ұйымдары мен аймақтық және аумақтық партия филиалдарының басшылары және белсенді партия мүшелері. Сонымен бірге бұл жиынға отандық және шетелдік сарапшылар, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары арнайы қатысып, партия жұмысын жан-жақты жандандыру мәселелерін талқылады.
Соңғы уақытта «Нұр Отан» партиясының жұмысын жаңғырту ерекше қарқын алғаны әмбеге аян. Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, партияның беделін арттыру бағытында жер-жерде белсенді атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі айқын көріне бастады.