БАСТАУЫШ  ҰЙЫМДАР – БАСТЫ КҮШ

Кеше Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өз жұмысын бастады. Бұл – партия Төрағасы,  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен алғаш рет өткізіліп отырған ауқымды іс-шара. Форумға еліміздің әр өңірінен 600 делегат келді. Олар – бастауыш партия ұйымдары мен аймақтық және аумақтық партия филиалдарының басшылары және белсенді партия мүшелері. Сонымен бірге бұл жиынға отандық және шетелдік сарапшылар, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары арнайы қатысып, партия жұмысын жан-жақты жандандыру мәселелерін талқылады.

Соңғы уақытта «Нұр Отан» партиясының жұмысын жаңғырту ерекше қарқын алғаны әмбеге аян. Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, партияның беделін арттыру бағытында жер-жерде белсенді атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі айқын көріне бастады.

БАСТАУЫШ  ҰЙЫМДАР – БАСТЫ КҮШ

Партия Төрағасы, Мемлекет басшысы жаңғыру жұмыстарының аясында бастауыш партия ұйымдарының да қызметін жандандырып, олардың іс-әрекетіне тың серпін беруді нақты тапсырған болатын. Осыған орай Шымкент, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе қалаларында бастауыш партия ұйымдарының төрт бірдей аймақтық форумы өткізілген болатын. Сол жолы партия мүшелері жергілікті ұйымдардың жұмысын заман талабына сай жетілдіру мен жандандыру жөнінде нақты ұсыныс-пікірлер мен тұжырымдар айтқан еді. Оның бәрі ескерусіз қалған жоқ. Сол ұсыныс-пікірлердің барлығы ескеріле отырып, «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының жұмысын жандандыру Тұжырымдамасы дайындалып, алдағы басым бағыттар айқындалған болатын. Енді республикалық форумда да партия мүшелері осы жайында кең ой-пікір алмасты.

Партия Төрағасы, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасы халықтың арасында кең қолдау тауып, «Нұр Отан» партиясы осыған байланысты игілікті істерді қолға алған болатын. Осы жөнінде форумда жан-жақты айтылды. Елбасының бес бастамасын одан әрі тиімді де нәтижелі жүзеге асырудың жолдары жайлы әңгіме болды. Форумның басты тақырыбы осы.

Бес бастаманы жүзеге асыруға байланысты арнайы «Жол картасы» әзірленгені белгілі. Оның ішінде көпшіліктің көкейінен шыққан негізгі бағыттың бірі – «Әрбір отбасыға баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру». Бұл бағыттың басты орындаушысы – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай жылдық 7 пайызбен 25 жылға арналған, бастапқы жарнасы 20 пайыз көлеміндегі бағдарлама іске қосылғанынан жұртшылық хабардар. Қазақстандықтарды осындай жеңілдетілген бағдарлама бойынша баспанамен қамтамасыз ету мақсатындағы басты бағыттың тиімді жүзеге асуына ұйытқы болып отырған ұйымның бірі – «Нұр Отан» партиясы.

Тек бұл ғана емес, форумда талқыланған тақырып – Президенттің бес бастамасы болғандықтан, жиынға қатысушылар басқа төрт бағыт бойынша да ой-пікір алмасты.

Ал ауқымды жиынның негізгі мақсаты – бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандырудың тиімді жолдары мен тетіктерін талқылау. Бұл – өте маңызды әрі өзекті. Оны жиынның ашылуында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев баса айтты. Ол форумға қатысушылардың барлығына сәттілік тілеп, «Нұр Отан» партиясының жұмысын одан әрі жақсартуға байланысты іс-шараларға белсенді түрде атсалысуға шақырды.

– Елбасы бізге партия қызметін жүйелі жаңғыртуды тапсырғанын білесіздер. Бастауыш партия ұйымдарының тиімділігін арттыру – сол жұмыстың басты бағыттарының бірі. Сондықтан соңғы айларда осы салада айтарлықтай жұмыстар атқарылып, төрт бірдей аймақтық форум өтті. Соның қорытындысы ретінде бүгін республикалық форумда бас қосып отырмыз. Осындай игі бастамалар бастауыш партия ұйымдарының жұмысын заман талаптарына сай жетілдіріп, олардың тиімділігін арттыра түсетіні сөзсіз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Бастауыш партия ұйымдары жергілікті жерлерде партия саясаты мен оның стратегиялық міндеттерін жүзеге асырып, халықпен және әрбір нұротандықпен етене жұмыс істейтін құрылым. Бүгінде партияның 6 мыңға жуық бастауыш ұйымы бар. Оның ішінде 1000-нан астам мүшесі бар 104 ірі бастауыш ұйым тіркелген. Кейінгі жылдары партияның ұйымдық құрылымын жетілдіру, өзара іс-қимылды жақсарту және басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында шағын ұйымдарды ірілендіру жүргізілген. Бастауыш партия ұйымдарының 47 пайызы қалаларда, 53 пайызы ауылдық елді мекендерде. Бұл үлкен күш екені айтпаса да түсінікті. Енді олардың жұмысын жетілдіріп, жақсарту қажет.

– Бастауыш ұйымдарымыздың жұмысы партиямыздың жеңістері мен жетістіктерінің негізі екенін атап өткен жөн. Сондықтан біздер үшін Сіздердің әрқайсыңыздың орныңыз бөлек. Біз әр бастауыш ұйымның еңбегін аса жоғары бағалаймыз. Өйткені әр ұйым өз өңіріндегі Елбасының сенімді тірегі болып саналады, – деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

Оның осы сөзін форумға жер-жерден келген «Нұр Отан» партиясының мүшелері құптап отыр. Соның бірі – Алматы қаласындағы №157 мектептің директоры Светлана Ағабекқызы Ахметова. Ол бастауыш ұйымның жұмысын жандандыруға ерекше атсалысып жүрген жанның бірі.

– Бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жаңа арнаға бұру бағытында қолға алынып жатқан барлық іс-шараларды толық қолдаймын. Сонымен бірге бастауыш ұйымдардың тыныс-тіршілігіне байланысты республикалық ауқымда тұңғыш рет форум ұйымдастырылуы да өте орынды болды деп ойлаймын. Бұл партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауыш ұйымдарға ерекше көңіл бөліп, оларды ел игілігі мен мүддесі жолындағы ортақ іске жұмылдыру жолындағы нақты қадам деп есептеймін. Біздер, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, өзімізге жүктеліп отырған міндеттерді айқын сезінеміз. «Нұр Отанның» бедел-абыройын арттыру мақсатындағы жұмыстарға белсене атсалысуға тырысамыз, – дейді форумға қатысушы Светлана Ахметова.

Форумға қатысушылардың қай-қайсысымен әңгімелессеңіз де, бастауыш ұйымдар үлкен күш екенін баса айтады. Олар халық арасында белсенді жұмыс істесе, алға қойған мақсат-міндеттердің бәрін толық орындауға мүмкіндік бар екенін тілге тиек етеді.

Иә, шынында да бұл пікірдің жаны бар. Өйткені бастауыш партия ұйымдарының жалпы санының 49,8 пайызы партия мүшелерінің тұрғылықты жері бойынша немесе ұйымдарда, 28,8 пайызы ауылдық округтерде құрылған. Олардың қызметін реттейтін негізгі құжат – «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің бастауыш партия ұйымы туралы Ереже. Онда бастауыш партия ұйымдары қызметінің мақсаттары мен міндеттері, негізгі бағыттары, партияның жоғары тұрған органдарымен өзара іс-қимылы айқын көрсетілген. Форумға қатысушылар осы Ережені басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізілсе, нәтижелі болатынына сенімді.

Бастауыш ұйымдар тағы бір басшылыққа алуға тиісті негізгі құжат – «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру Тұжырымдамасы». Бұл Тұжырымдама партия Төрағасы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың партияның Саяси кеңесінің 2017 жылғы 3 қарашадағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын, партияның Саяси кеңесінің 2018 жылғы 1 маусымдағы кеңейтілген отырысында мақұлданған және партияның Саяси кеңесі Бюросының 2018 жылғы 29 маусымдағы №016 қаулысымен бекітілген партияны жаңғыртудың нақты жоспарын, «Қазақстан Республикасының» кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 29 маусымдағы Заңын орындау мақсатында әзірленген. Осы Тұжырымдама бастауыш партия ұйымдары мүшелерінің қатысуымен өткен төрт аймақтық форум кезінде әбден сүзгіден өткен. Жергілікті жердегі ұйымдардың бұл құжаттан жан-жақты хабары бар. Бұл Тұжырымдама да олардың жұмысына тың серпін беретініне сенімді. Бүгінгі республикалық форумға қатысушылар осындай пікірде.

Тұжырымдаманы әзірлеудегі негізгі мақсат не? Жасыратыны жоқ, қазіргі уақыттың жаңа сын-қатерлері, Қазақстанның партиялық жүйесіндегі бәсекелестіктің өсуі партиядан партиялық брендті неғұрлым сапалы және белсенді ілгерілетуді, партияның жаңа жақтастарын тарту үшін пәрменді идеологиялық ықпал етуді, партия ішіндегі бірлікті нығайтуды және Тұжырымдамада бағытталған партиялық жобаларды іске асыруды талап етіп отыр. Сондықтан бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жақсарту үшін осындай Тұжырымдама дайындалған.

Партия қызметін жаңғырту аясында жүргізілген сараптамалар нәтижесінде көз жеткені – бастауыш ұйымдардың партия филиалдарымен және Орталық аппаратпен байланысы жүйелі жолға қойылмаған. Тағы бір кемшілік – бастауыш ұйымдар деңгейінде жүзеге асырылатын нақты жобалардың жоқтығы. Бастауыш ұйымдарды қаржылай қолдаудың ретсіздігі тағы бар. Сонымен бірге бастауыш ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуы да мәз емес. Басқа да мәселелер байқалған. Ал оны шешудің жолдары мен мүмкіндіктері қандай? Не істеген жөн? Бастауыш партия ұйымдарының жұмысына белсенді серпін беру үшін қандай іс-шараларды қолға алған жөн? Осының бәрі бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жақсарту мақсатында жасалған Тұжырымдамада көрініс тапқан.

Форумның алғашқы күнінде панельді сессиялар өтіп, қатысушылар түрлі тақырыпта бастауыш ұйымдардың, жалпы партия қызметін одан әрі жетілдірудің тиімді тетіктерін талқылады. Бұл жөнінде отандық қана емес шетелдік сарапшылар да ой-пікір қосты.

Тағы бір сессияға қатысушылар партиялық кадрлық резервін қалыптастырудағы жаңа әдіс-тәсілдерге назар аударды. Соның ішінде іріктеу талаптары мен механизмдері және резервке алынған партия мүшелерін ары қарай оқытып, қызметте өсуін қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.

Бұл тақырыптың сессия жұмысына таңдап алынуы жайдан-жай емес. Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев партия Саяси кеңесінің 2017 жылғы 3 қарашадағы кеңейтілген отырысында «… саяси бәсекелестік күшейе түседі және оны «Нұр Отан» өз жұмысында ескеруі тиіс. Партия орталық және аймақтық деңгейлерде партияның саяси ұстанымдарын нақты ілгерілететін кандидаттарды ұсынуы тиіс» деген болатын. Партия Төрағасының осы тапсырмасы да орындала бастады. Партиялық кадр резерві дегеніміз – саяси және сайланбалы лауазымдарға ұсыну үшін партия мүшелерінің белгіленген тәртіппен қалыптастырылған әрі жүйеленген тізімі деген сөз. Жаңа енгізілген жүйеде іріктеудің негізгі өлшемдері – кәсібилік, жұмыс тиімділігі, кандидаттардың саяси жетілуі мен жекелеген қасиеттері ең басты орын алады.

Тағы бір сессияда талқыланған тақырып – «Тиімді коммуникация». Оған қатысушылар партия жақтастарын ортақ мақсатқа жұмылдыру, қоғамдық пікірлерге байланысты әрекет ету, қоғамдық күн тәртібін қалыптастыру секілді партия жұмысындағы базалық міндеттерді жүзеге асыру кезіндегі заманауи коммуникацияның рөлі жайында пікір алмасты.

Цифрлы технологиялар мен ақпараттық-коммуникациялық жұмыс та бастауыш партия ұйымдары үшін таңсық болмауы тиіс. Өйткені бастауыш партиялық ұйымдардың алдында таңдалған коммуникация құралдарының негізінде партия мүшелерімен ішкі партиялық және сыртқы – түрлі мақсатты топтармен және тұтастай алғанда қоғаммен байланыс құру жұмысы тұр. Сондықтан бұл бастауыш партия ұйымдары үшін өте-мөте қажет. Заманауи үдерістен қалыс қалмай, жаңа жағдайдың талаптарына бейімделе білген жөн.

Сонымен бірге панельдік сессия кезінде бастауыш ұйымдардың жұмыс тиімділігінің көрсеткіштері де жан-жақты талқыланып, қатысушылар өзара байланыс, қаржыландыру, жергілікті жердегі мәселелерді дер кезінде анықтау сияқты бірқатар басымдықтар бойынша өз пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар Форум жұмысына Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев, Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, Білім және ғылым вице-министрі Асхат Айтмағамбетов және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев қатысып, Елбасының 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру мәселелеріне қатысты өз ойларымен бөлісті. Жалпы бастауыш партия ұйымдары жергілікті жерлерде партия саясаты мен оның стратегиялық міндеттерін жүзеге асырып, халықпен және әр нұротандықпен етене жұмыс істейтін партиялық құрылым. Бүгінде партияның 6 мыңға жуық бастауыш ұйымы бар. Соның ішінде 1000-нан астам мүшесі бар 104 ірі бастауыш ұйым тіркелген. Партия қызметін жаңғырту аясында жүргізілген сараптамалар нәтижесінде бастауыш ұйымдардың партия филиалдарымен және Орталық аппаратпен байланысы жүйелі жолға қойылмағаны, бастауыш ұйымдар деңгейінде жүзеге асырылатын нақты жобалардың болмауы, оларды қаржылай қолдаудың ретсіздігі және материалдық-техникалық жабдықталуының көңіл көншітпейтіні сияқты бірқатар өзекті мәселелер анықталған. Осы түйткілдерді тиімді шешу жолдары жоғарыда аталған Тұжырымдамада айқын көрсетілген. Форум делегаттары аталған құжатты талқылау жұмыстарын панельді сессияларда кеңінен талқылады. Мәселен «Партияішілік менеджмент» сессиясында қатысушылар партия жұмысындағы заманауи технологиялар, соның ішінде ішкі бизнес үдерістерін автоматтандыру, Е-Аналитика жүйесін енгізу, жобалық тәсіл және бастауыш ұйымдардың өз жобаларын жүзеге асыру сияқты партия қызметін жандандыратын ұтымды тұстарды қарастырды. Осы мәселе жөнінде шетелдік сарапшы, Түркияның Әділет және даму партиясының Шығыс Анадолы өңіріндегі үйлестірушісі Махмұт Сами Маллы кеңінен сөз қозғап, шетелдік тәжірибеге тоқталды.

Келесі сессияда қатысушылар партияның кадрлық резервін қалыптастырудағы жаңа әдіс-тәсілдерге назар аударды. Соның ішінде іріктеу талаптары мен механизмдері және резервке алынған партия мүшелерін әрі қарай оқытып, қызметте өсуін қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Бұл сессияда Ресейдің «Единая Россия» партиясының департамент басшысы Николай Финько кадрлық резерв қалыптастырудың халықаралық тәжірибесіне назар аударды. Сондай-ақ қатысушылар украиналық саясаттанушы Всеволод Зелениннің пікірін тыңдап, өз сауалдарына жауап алды.

Ал бұл жиында шетелдік тәжірибе жөнінде Ұлыбританияның саяси консалтинг бағытында қызмет көрсететін CSM компаниясының атқарушы директоры, Халықаралық саяси консультант қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі Ричард Мерфи айтып берді.

«Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының жұмысын жақсарту жөніндегі форум бүгін одан әрі жалғасты.

                        Ғалым Орынбасарұлы

Редакция таңдауы

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...
b82823979835ab999891bb174862f8e2

Әлемдегі барлық миллиардерлердің саны анықталды

Hurun Research Institute зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі миллиардерлердің саны 3228-ге жеткен. Зерттеушілердің сөзінше,...
photo 60743

Қытай 15 жылда елімізге 19,2 миллиард доллар инвестиция құйған

2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард...
8a940be966df4b0092b7cfc91aa3f0f4

Аязда үсіп өлген 5 жасар бала қайтыс болар алдында зорланған

Ресейдің Саратов облысының Вольск қаласында көшеде өлі күйінде табылған бес жасар бала...

Жаңалықтар

Әлемдегі барлық миллиардерлердің саны анықталды

Hurun Research Institute зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі миллиардерлердің саны 3228-ге жеткен. Зерттеушілердің сөзінше, бұл — рекордты көрсеткіш.  15 қаңтардағы жағдай бойынша планетадағы ең бай адамдардың жиынтық...

Қытай 15 жылда елімізге 19,2 миллиард доллар инвестиция құйған

2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард доллар болған. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты,...

Аязда үсіп өлген 5 жасар бала қайтыс болар алдында зорланған

Ресейдің Саратов облысының Вольск қаласында көшеде өлі күйінде табылған бес жасар бала қайтыс болғанға дейін зорланған. Бұл туралы Life Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru...

Елбасы Қырғызстан басшысымен кездесті

Келіссөз басталар алдында Елбасы мен Қырғыз Республикасының Президенті Назарбаев орталығындағы экспозицияларды аралап көрді, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Садыр Жапаровты Қырғызстан Президенті болып...

Байқоңырдан Ресейдің құпия құрылғылары ұрланды

Белгісіз біреулер Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің құпия электроникасын ұрлап кеткен. Бұл туралы  "112" Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Арнаның мәліметінше, 1988 жылы "Буран" ғарыш кемесімен...

Психолог 8 наурызда аруларға сыйланатын ең сәтсіз сыйлықтарды атады

Психология ғылымдарының кандидаты Юлия Кочетова 8 наурызда әйелдерге cыйланатын ең сәтсіз сыйлықтардың тізімін жасады, деп хабарлайды "Москва" жаңалықтар агенттігі.  Маманның айтуынша, ең жауыр болған сыйлық...

Балалар құқығын қорғау туралы заң: 3 кодекске 35 түзету енгізілмек

Құжатты саралайтын жаңа жұмыс тобының құрамында 65 адам бар. Парламент мәжілісінің депутаты Динара Закиева қоғамда қызу талқыға түскен балалар құқығын қорғау бойынша заңнамалық актілерге...

Белгісіз коллекционер Черчилльдің суретін рекордтық бағаға сатып алды

Анджелина Джоли Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль салған "Кутубия мешітінің мұнарасы" картинасын рекордтық бағаға сатты. Белгісіз коллекционер картина үшін 8,2 миллион фунт стерлинг төлеген,...

Зеленский үндістандық вакцинаны салдырды

Украина президенті Владимир Зеленский Донбассқа сапары кезінде коронавирусқа қарсы вакцина алды. Вакцинация Үндістанда өндірілген Covishield препаратымен жүргізілді, деп хабарлайды korrespondent.net. Президент Жоғары бас қолбасшы ретінде вакцинаны...

Головкин vs Мунгия: Жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды

Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы (әлі IBO титулына ие) титулын мексикалық боксшы Хайме Мунгияға (36-0, 29 КО)...

Ата-анасы жұмысқа кеткен: өрттен 5 жасар бала қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты. Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. ТЖД өкілдері бала Аққайың ауданы Новороссийск ауылында қаза...

“Ұлытау” тобы АҚШ-та өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті

Қазақстандық "Ұлытау" этно-рок тобы Лос-Анджелесте өткен халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды, оған әлемнің 83 елінен қатысушылар келген. Бұл туралы Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде топ...

Дәрігерлер карантиндік шектеулерді күшейтуді талап етті

Бразилиялық дәрігер ел билігінен коронавирусқа қарсы шектеу шараларын күшейтуді талап етті, деп хабарлайды РИА Новости.  Ел ауруханаларында орын жоқ, науқастар ем алу үшін кезек күтуге...

Биыл магистранттар шетелде тәжірибеден өте ала ма?

Бүгінде қазақстандық магистранттар COVID-19 пандемиясына байланысты шетелде тағылымдамадан өте алмай отыр. Әлемде және Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайса, магистранттарды шетелге тағылымдамаға жіберу мәселесі қаралады....

Ақтөбе қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Президент әкімшілігінің​ келісімімен өңір басшысының өкімімен​ Ақтөбе облысы​ әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ермек Кенжеханұлы...

ТЖМ Алматы тұрғындарына үндеу жасады

Сел ұстайтын бөгеттер құрылысына байланысты Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу енгізіледі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. «Қар мен ылғал қорының жиналуы...

Жасөспірімдерді тәртіпке шақырмақ болған алматылық полицей құрылысы бітпеген үйден құлап кетті

Алматыда полиция қызметкері қараусыз қалған құрылыс нысанынан құлап, жарақат алды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алатау ауданының ювеналды полиция қызметкері құрылысы бітпеген көпқабатты үйдің төбесіне...

Аралас оқу форматы: Оқушылар мектеп формасын киюге міндеттеле ме?

Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ.  Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.  «Оқушының ауырып қалуы немесе науқас...

Жамбыл облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бейқұт Жамангозов тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Бейқұт Тілебалдыұлы 1969...

2 наурыз еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалармен есте қалды?

2 наурыз күні әр жылдары еліміздің тарихында бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасы...

Горбачев өмір сүру ұзақтығы жөнінен кеңестік көшбасшылар арасында рекорд орнатты

КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев кеңестік көшбасшылар арасында өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы Кремль пулының журналисі Дмитрий Смирнов өзінің "№3 пул"...

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді

Ақорда резиденциясында Қырғыз Президенті Садыр Жапаровты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы Қазақстан мен Қырғызстан...

Жастарға ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға гранттар берілмек

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіптік кешенді қолдау іс-шараларының бірыңғай электрондық ресурсы құрылады. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында салалық мемлекеттік қолдау...

Еліміздегі сұранысқа ие әлеуметтік желілердің тізімі жарияланды

Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желілер белгілі болды, – деп жазды Ranking.kz. Statcounter Global Stats мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі Facebook атанды,...

Мәулен Әшімбаев: Ұлтқа адал еңбек етудің озық үлгісін көрсеткен текті азамат

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, академик, техника ғылымдарының докторы Өмірбек Жолдасбеков туралы фейсбуктегі парағында өз пікірін жазды. Онда...

Президент жанындағы ҚСЗИ-да Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы тағайындалды

2021 жылдың 1 наурызында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова ұжымға ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жаңа басшысын...

29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды

1992 жылдың 2 наурызы Қазақстан тәуелсіздігін дүниежүзілік қоғамдастық мойындаған ел тарихындағы маңызды оқиғаға толы күн. 29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына 168-ші мүше-мемлекет...

Қырғызстан Президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Алдағы бес жылда ауыл халқына 250 млрд теңгенің несиесі беріледі

2025 жылға дейін 50 мың микрокредит беру көзделген. Былтыр ауылға берілген шағын несиелер есебінен 11 мың жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  Үкімет отырысында агроөнеркәсіп...

Павлодарда пара алды деген күдікпен ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметтегі «қамқорлығы» үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алды деген күдікпен «ҚТЖ ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысын ұстады. Ол...

Жапонияда коронавирустың британдық штамы тарап жатыр

Жапонияның батысындағы Кобе қаласының билігі бұл аймақта вирус жұқтырғандардың арасында коронавирустың жаңа британдық штамын жұқтырғандар саны көбейгенін хабарлады. ҚазАқпараттың NHK телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, ақпанның...

«Дарындылар пулы»: электронды үкіметтің кадр резервіне өтінім қабылдау басталды

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының «Дарындылар пулына» өтінім қабылдау басталды.  Корпорацияның кадр резервіне өтініш бергісі келетін үміткерлерге talent.gov4c.kz сайтында тіркеуден өту қажет. Өтінім беру кезінде жүйеде...

Сауд Арабиясы вакцина салдырған келушілерді ғана қажылыққа қабылдайды

Мұсылман қажылары жаңа коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін ғана Мекке мен Мединедегі қасиетті орындарға үлкен және кіші қажылыққа бара алады. Мұндай шешімді Сауд Арабиясы билігі...

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 214 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 658 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 65 Алматы қаласы - 102 Шымкент қаласы - 17 Ақмола облысы -...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

2 наурыз күні солтүстік-батыс циклонымен байланысқан атмосфералық ауа ағыны әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі...

21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері Желіде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Сyber News сайтына сілтеме жасап. Танымал хакерлік форумның...

Францияның экс-президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде бір жыл нақты қамауда болады. Сот оны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп тапты.

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің...

БҒМ 1 наурыздан бастап мектептерде сабақ қалай өтетінін түсіндірді

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1 наурыздан бастап мектептердегі рұқсат етілген аралас форматта оқыту барысын түсіндірді. Вице-министр Facebook-тегі парақшасында 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының...

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш қойылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында бұл ескерткіш медицина қызметкерлеріне деген алғыстың символына айналатынын атап өтті. «Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған...

Пандемия: кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді және кейбір төлемдер алынып тасталды. Пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жаңа бөлшек салықтың арнаулы салық режимі...

Түркістан өңірінде 100-ге жуық белсенді «Nur Otan» партиясы қатарына қабылданды

Бүгін Түркістанда 1 наурыз – Партия күніне орай, бірқатар азаматты «Nur Otan» партиясына қабылдау іс-шарасы өтті. Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен...

Алматыда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Әлеуметтік желіде Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Видео кадрларынан төбелестің балалар ойын алаңында болғанын байқауға болады....

Наурыз айында күн райы қандай болады?

Еліміздің көптеген аймақтарында күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы мәлімдеді.  Консультативтік болжамға сәйкес 2021 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының басым бөлігінде циклондардың өтуімен және...

Таразда Алғыс айту күніне орай 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Алғыс айту күніне орай былтыр ғана облыс орталығында бой көтерген «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің маңында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Онда қалалық зиялы қауым өкілдері,...

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған отбасыға баспана берілді

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына жаңа баспана берілді. Oқиға биыл 18 ақпанында облыс орталығындағы Әл-Фараби мөлтек ауданында орын алды. Оқиға орнына шұғыл жеткен...

Алматыда КамАЗ көлігі жер астына түсіп кетті

Алматыда КамАЗ жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Оқиғаның видеосын куәгерлер таратты, ал дәрігерлер көлік жүргізушісі жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желілерде...

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ. Адамға алғыс айтқанымыз – Аллаға шүкір еткеніміз

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Аллаға мадақ, пайғамбарға салауаттар болсын! Елімізде шуақты көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесімен басталады. Баршаңызды бірлік пен мейірімге...

Асқар Мамин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті

Премьер-Министр Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, – деп хабарлады primeminister. Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының...

«Nur Otan» партиясының жанынан 9 жаңа қоғамдық кеңес құрылады

Осылайша, олардың жалпы саны 14-ке жетті, – деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. «Nur Otan» партиясының Лидері, Елбасы Н.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»...

Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жасыбаев Ержан Бәкірбайұлы Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев 1965 жылы...

Белгілі әнші Индира Еділбаева «Nur Otan» партиясын таңдады

«Nur Otan»-ның құрылғанына 22 жыл толуына орай, партияның Алматы қалалық филиалы белсенді және жігерлі алматылықтармен толықты. Партияның жаңа өкілдері қатарында денсаулық сақтау, мәдениет және...

Әуе компанияларының табысы 41% азайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе компанияларының жылдық табысы 41% төмендегенін, ал жолаушылар тасымалы қызметі 6 пайызға арзандағанын хабарлады. Биыл қаңтарда еліміздің әуе компанияларының кірісі...

Белгілі журналистің еміне қаржы жиналуда

Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді. Шараның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға көпшіліктің атсалысуымен қолұшын созу, мейірімділікті, қайырымдылықты насихаттау, қайырымды жандарға алғыс...

Атырау дәрігерлері Алғыс айту күніне орай челлендж бастады

«Мерекелік шараға өңірдегі 35 медициналық ұйымның қызметкерлері қатысты»,-деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. «Туған елге мың алғыс!» челленджі өңірде бір апта бұрын...

Дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жетеді – министр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жететінін айтты. Ведомство басшысы Президенттің биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын...

Әлем тұрғындарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екені анықталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан Жер бетіндегі тұрғындардың қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.  Ұйым...

Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі Қазақстан имиджі

Ақпарат кеңістігінде мемлекеттің имиджі мен медиаобразын жасау – дамушы елдердің алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі. Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде дүние жүзінің алпауыт...

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Осы көктемде 13 500-ден астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші ел Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады. Қорғаныс ведомствосы...

ҚазҰУ ректоры француз ғалымдарына бірлескен археологиялық зерттеулер жасауды ұсынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейт Түймебаев Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дидье Канеспен кездесіп, ғылым-білім  және мәдени бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты тереңдету...

Ресейдің ең бай депутаты қамауға алынды

Ресейдің Сахалин облыстық Думасының миллиардер депутаты Дмитрий Пашов қамауға алынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Сот оған екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану...

«Борат 2» ең үздік комедия ретінде «Алтын глобус» лауреаты атанды

Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте кино және теледидар саласындағы "Алтын глобус" сыйлығының 78-ші марапаттау рәсімі өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты марапаттау тарихта алғаш рет виртуалды форматта өтті.  Ең...

Түркістандағы қайғылы оқиғаға қатысты алғашқы мәліметтер жарияланды

Түркістан қаласында орын алған қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін құзырлы органдардан құрылған топ болған жайтты жан-жақты тексеріп жатыр. Орын алған оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысатын...

15 жыл бойы қос азаматтығын жасырып келген павлодарлық жазаланды

Қос азаматтығын жасырып келген Павлодар облысы Железинка ауданының тұрғыны айыппұл арқалады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Аудандық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Железинка аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің...

Бұл – қазақ халқының шексіз дархандығының жарқын үлгісі.

Джамалайл ЭЛИМХАНОВ, «Емир-Ойл» ЖШС басқарма басшысы: Қазақстан Тәуелсіздік алған сәттен бастап Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев әрбір азаматтың өз Отанында қауіпсіз және жарқын өмір сүруі үшін және...

COVID-19: Елорда «сары» аймаққа енді

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 1 наурызы күнгі қазақстан амақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрициасын жариялады. Бұл туралы...

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды. Партияның құрылуы мен қалыптасу тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан...

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік...

Алматы түрмесінен қашқан сотталушы Ақтөбеде ұсталды

Алматыдағы бас бостандығынан айыру орындарының бірінен қашып шыққан адам Ақтөбеде қолға түсті, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. «Алматы...

«Nur Otan» қатары жаңа мүшелермен толықты

Партияның 22 жылдық мерейтойы қарсаңында «Nur Otan» облыстық филиалында салтанатты түрде партия билеттері табыс етілді. Партияның аймақтық филиалының төрағасы, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов партия...

«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Бүгіннен бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2021» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Сыйлыққа 2020 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және...

Америкалық телеарна Трамптың саяси жоспарларын ашты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елде жаңа партия құру мүмкіндігін қарастырмайтынын жариялайды. Оның саяси жоспарларын американдық Fox News телеарнасы ашты. "Біз жаңа партиялар құрмаймыз және...

Президент: Біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады. «Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы...

Ақтауда жәндіктерді уламақ болған әйел көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтірді

Пәтердегі жәндіктерді уламақ болған Ақтау тұрғыны көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтіріп қойды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап Lada.kz хабарлады.  Зарарсыздандыру құралынан...

Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elbasy.kz. Қымбатты отандастар! Алғыс айту күні Қазақстан халқының бірлігін паш етеді,...

2020 жылдың ең танымал құпиясөздері анықталды

2020 жылы қандай құпиясөздер жиі қолданылды? Бұл сауалға DLBI деректер ағынын барлау қызметін жасаған зерттеуге сілтеме жасай отырып "Известия" басылымы жауап берді.  Рейтинг көшбасшысы тағы...

Жел, көктайғақ: Еліміздің 9 өңірінде ескерту жарияланды

1 наурызда елорда мен 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет". 1 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жел, көктайғақ болады. Оңтүстік - батыстан соққан...

1 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүгін – елімізде Алғыс айту күні. Бұл мереке  ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген. 1995 жылдың 1 наурызында елімізде...

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Бүгін – Жамбыл Жабаев дүниеге келген күн

Бұдан 175 жыл бұрын 99 жасына дейін жүрегінен жыр төгілген ақын,  дүлдүл жырау, жүйрік жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл ЖАБАЕВ (1846-1945)  дүниеге келді. Ол...

NASA Марстың алғашқы панорамасын жариялады

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Ровер Perseverance түсірген Марстың алғашқы панорамалық суреттерін жариялады. NASA алдағы апталарда көптеген қызықты суреттері жариялайтынын мәлімдеді.  

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

«Наконец-то» Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыздағы мерекелер алдында қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды өңірлік СЭБД баспасөз қызметі. Бекшин үндеуінде алматылықтардан...

Армениядан жеткізілген көліктердің тіркеу мерзімі ұзартыла ма?

Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына...

Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту туралы жоспарын айтты

Еліміздің жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқу бағдарламалары зерделенеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Министрдің айтуынша, қоғамдық...

Қытай келісімдерді елемей, қазақ пойыздары қараусыз қалып жатыр

"Жүк жөнелтушілердің бастамасымен Қытайға тауарларды қабылдауға уақытша тыйым салу енгізілді", – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы (ҰК)»АҚ баспасөз қызметі. «ҚХР-мен шекарадағы бекеттерде жағдай...

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Бас прокуратурасы атынан жалған бұйрық таратылған деп хабарлайды  тengrinews.kz сайты. Аталған «құжатта» Ресейде тіркелген автокөлік иелеріне Қазақстан аумағында жалпы сенімхатсыз...

ЕСКІ ЖАРАНЫҢ АУЗЫН ТЫРНАУ ЕСТІНІҢ ІСІ МЕ…

Адам баласы туғанда бір-бірінен артық-кемі жоқ қызыл шақа болса да, өсе келе олардың бәрі өз бетінше өзгеріп, даралана бастайды. Өйткені уақыт ағымындағы түрлі әсерлер...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді

Бүгін Түрікменстан Республикасынан 153 қандасымыз тарихи Отанына көшіп келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп–қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын....

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде ресми түрде мерекелеу басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қ.Қуанышбаев атындағы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...

Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады

Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді. Ел президенті...