Жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ КӨП ТҮЙІТКІЛДІҢ АЛДЫН АЛУ

ашық дереккөзі

БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ КӨП ТҮЙІТКІЛДІҢ АЛДЫН АЛУ

Жуырда Алматы қаласында білім беру арқылы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын-алу бойынша аймақтық семинар өтті. «Бүгінде көптеген елдер діни, этностық немесе саяси себептерге негізделген зорлық-зомбылық экстремизмнің сын-қатерлеріне тап болып отыр. Бұл ретте Орталық Азия елдері де шетте қалмайды. Сондықтан өңірдегі зорлық-зомбылық экстремизмнің себептерін түсінуді жақсарту маңызды. Осы мәселені талқылау бойынша бірқатар кеңестер өткізілді, онда зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу саласында "жұмсақ тәсілдің" және ағартудың маңызды рөл атқаратыны әрдайым мойындалды. Сондықтан да, мүдделі тараптардың басын қосу арқылы осы семинарды өткізудің маңызы зор болды, білім берудің зорлық-зомбылық зкстремизміне қарсы күш тудыратындығын талдауды мақсат еттік», ‒ дейді Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат. Қазақстандағы білім беру саласы бойынша ЮНЕСКО ұйымының сарапшысы Сәуле Жанатқызы: «Бүгінгі шара Дүниежүзілік радикализм, экстремизм мәселелерін ортаға салғанымен де ерекше маңызға ие. Біз шетелдік әріптестерімізбен бірлесе отырып, еліміздегі осы мәселелердің шешімін табуға тырысамыз. Білім беру арқылы өскелең ұрпақтың бойына, рухани-ұлттық құндылықтарымызды сіңіруіміз керек», ‒ деді.