Жаңалықтар

2018 жылдың үздік фильмі анықталды

2018 жылдың үздік фильмі анықталды

Америкада жыл сайын өтетін People's Choice Awards сыйлығының «2018 жылдың үздік фильмі» аталымында көрермендер Marvel студиясы шығарған «Кек алушылар: Шексіздік соғысы» фильміне дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Enews порталына сілтеме жасап.

Сыйлықтың өзге де аталымдарының үздіктері анықталды. Көрермен қалауы бойынша, Джеймс Фоулидің «Еркіндіктің елу реңкі» картинасы - үздік драма, режиссер Сузанна Фогельдің «Мені лақтырған тыңшы» фильмі - үздік комедия, «Суперотбасы 2» мультфильмі - үздік отбасылық фильм атанды. Киносүйер қауым «Қара пантера» фильмінің бас кейіпкері Чедвик Боузманды үздік актер деп таныса, Скарлетт Йоханссонды биылдың үздік актрисасы ретінде мойындады.