Жастар саясаты - өзекті мәселе
Жастар саясаты - өзекті мәселе
Жұмыспен қамту, гендер және қызметтік өсу – жастар мәселесін шешудегі басты мәселелер
Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында жастар саясатын ерекше атап өтті және келер жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», - деді Елбасы.
Елімізде жастарға қатысты басты мәселелердің бірі – жұмыспен қамту мәселелері. Қолына диплом алған көпшілік республиканың шалғай өңірлеріне баруға тартынады, сөйтіп қалалы жерлерде қалуға тырысады. Бұл өз кезегінде білікті мамандардың қызмет көрсету саласына жұмысқа кіріп, нағыз маман тапшы өңірлерде дәрігер, IT мамандары, өндірістік мамандықтардың жетіспеушілігіне әкеп соқтырады. Осы орайда жастар саясатын қолға алып, түйінін тарқату үшін атқарылар шара көп. Алайда бұл өңірлерде жұмыс орны жоқ дегенді білдірмейді. Мәселен, бір сұрау салған бірнеше жас аймақтарда өзі қалаған қызметке тұрған. Мысалы, Олжас Филип Моррис компаниясының Атырау қаласындағы бөлімшесінде қызмет етеді. «Ірі қалалардан емес, аймақта жұмыс істеуге не итермеледі?» деген сауалымызға Атырау қаласындағы Сату жөніндегі аумақтық маман Олжас Мырзағалиев: «Ірі қалаларда ғана мақсатыңа қол жеткізуге болады деген жаңсақ пікір. Мұнда даму, мансап құру және ілгері жылжу үшін мол мүмкіндіктер қарастырылған. Бүгінгі таңда заманауи сын-тегеуріндер мен өмір ағыны еңбек нарығына ерекше талаптар қояды. Қазақстандық жас мамандар жетістікке жету үшін бір орында отырмай, мобильді болуы тиіс. Қонысыңды ауыстырып, жаңа жерлерді көріп-білген сайын өрісің кеңейе түседі. Дүниеге, әртүрлі қиыншылықтарға деген көзқарасың өзгереді, өмірге жаңа қырынан қарайсың, бұл дамуыңа көмектеседі», - деді ол.
«Бірінші кезекте, компания менің жақсы маман болып қалыптасуыма жағдай жасайды. Үнемі жаңа білім алып, жаңа дағдыларға ие боламын және бұл мен үшін өте құнды. Бұған дейін 4 жыл бойы құрылыс материалдарын сату саласында жұмыс істедім, бірақ осы уақытта мұнда небәрі 8 ай ішінде жинақтаған тәжірибе мен білімді ала алмадым. Осы компанияда мен кез келген қаладағы өз әріптестерімнің кез келгенінің көмегі мен кеңесіне жүгіне аламын, себебі біздің жұмысымызды арнайы портал, жеке электрондық кабинет және т.б. заманауи технологиялар жеңілдетуде. Осылардың арқасында мамандар өте жылдам дамып, өсе алады. Сондай-ақ мұнда болашақ мансапты құру, кейінгі реттік өсу мүмкіндіктері қарастырылғандығын айта кету керек. Компанияда оң өзгерістер орын алып, ол дамитын болса, мұнымен бірге мен де өсе аламын. Бүгінде компанияда денсаулыққа қауіптілік деңгейі төмендетілген, инновациялық, жоғары технологиялы өнім пайда болды. Біз ешкімді «темекі шегуіңді таста» деп мәжбүрлей алмағанымызбен, оларға темекі баламаларының артықшылықтары туралы ақпаратты түсіндіріп, жеткізе аламыз. Біздің қазіргі таңда құлшыныспен атқарып жатқан ісіміз де осы», - деді ол.
Мирас Таңмағанбетов, Ақтөбе қаласындағы Сату жөніндегі аумақтық маман: "Иә, Ақтөбемізде халықтың саны артып келеді, қаланың көлемі де жылдам қарқынмен ұлғаюда, осыған байланысты жаңа жұмыс орындары ашылуда. Осы орайда сауда-саттық, B2B тікелей саудасы саласында бос лауазымдардың өте көп екендігін байқаудамын. Инженерлер мен өндіріс мамандарын алатын болсақ, олардың саны, керісінше, азаюда. Бірақ бұл менің субъективті бақылауым негізінде алынған мәліметтер ғана", - деді.
«Жанам деген жүрекке от берсе егер...» Әлбетет, аяғына енді тұрған жастарға дем беріп, сәл сүйемелдеу әке-шешенің ғана емес, қоғамның да міндеті. Сондықтан елімізді жарқын болашаққа жетелейтін жастарға қолдау көрсету ой салатын іс.