8 Қараша, 17:21 173 0 Туризм Назым Тойлыбаева

Байқоңырда туризм жанданды

Байқоңырға туристік сапар ұйымдастыратын отандық 7 туроператор ғарыш айлағына апаратын жаңа бағыттар ашып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Космодромға жыл басынан бері мыңнан астам саяхатшы ат басын бұрған. Қазақ жеріндегі ғылыми прогрестік бренд-нысанды көруге әсіресе Германия, Бельгия, Голландия, Франция, Австрия, Ресей елдерінен келушілер көп. Айта кетейік, алдағы уақытта орбитааралық зымыран ұшуларын космодромға кірмей­-ақ тамашалауға болады. Жұлдызды қалашықты дамытудың 2018-2035 жылдарға арналған бағдарламасында қонақүй қорын көбейту, мәдени ойын-сауық инфрақұрылымын және зымыран ұшыруларын бақылау алаңдарын жақсарту көзделген. Туристік бағытқа сонымен қатар «Қорқыт ата» мемориалдық кешені, «Қамбаш» көлі де кіреді.

Соңғы жаңалықтар