Жаңалықтар

Қазақстанда Орталық Азия ақпарат құралдарының конференциясы өтіп жатыр

ашық дереккөзі

Қазақстанда Орталық Азия ақпарат құралдарының конференциясы өтіп жатыр

Астанада ЕҚЫҰ-ның "Журналистика болашағы" тақырыбындағы медиа-конференциясына екі жүзден астам маман жиналды, деп хабарлайды centralasian.org. 7 қарашада басталған форумда журналистер, медиасарапшыларжәне аймақтағы БАҚ өкілдері бас қосты. Күн тәртібінде ақпарат мазмұны және цифрлық трансформация дәуірінде журналистика болашағы, "фейк жаңалықтар", сонымен бірге аймақтағы БАҚ бостандығы мәселелері талқыланады. ЕҚЫҰ-ның аймақтағы медиаконференциясы жыл сайын Орталық Азия елдерінің астаналарында өтіп тұрады. Биыл бұл форум жиырмасыншы мәрте ұйымдастырылды. Биыл конференцияға Өзбекстан мен Түркіменстанның шамамен жиырма шақты өкілі келді. Бұған дейінгі форумдарға бұл елдердің өкілдері қатыса бермейтін.