Жаңалықтар

Джефф Сешнс отставкаға кетті

ашық дереккөзі

Джефф Сешнс отставкаға кетті

АҚШ Бас прокуроры Джефф Сешнс отставкаға кеткенін мәлімдеді. Ол бұл қызметтен президент Дональд Трамп өтініші бойынша кеткенін айтты, деп хабарлайды centralasian.org. АҚШ президенті твиттерде Сешнске атқарға жұмысы үшін алғыс айтып, министрлік аппараты басшысы Мэттью Уитакерді бас прокурор қызметін атқарушы ретінде тағайындағанын хабарлады. "Ол біздің елге адал қызмет етеді", – деп жазды Трамп. Reuters агенттігі Сешнс отставкасын оның 2016 жылғы президент сайлауына Ресейдің араласу мүмкіндігіне қатысты тергеуге қатысудан бас тартып, Трамптың сынына ұшырауымен байланыстырды. Дональд Трамп бұған дейін Сешнстің бұлай жасайтынын білгенде, бас прокурор қызметіне басқа біреуді тағайындайтынын мәлімдеген. Өкілдер палатасындағы демократтар Трамтың Сешнсты қызметтен алуына қарсы болды. Президент Сешнсті және оның орынбасары Род Розенстайнды жұмыстан алса, Конгрестің төменгі палатасындағы демократтар Трамптың өзіне қарсы импичмент процедурасын бастауы мүмкін екендігін ескерткен. Род Розенстайн "Ресей ісі" бойынша жауапты болған. Ол 2017 жылы Роберт Мюллерді бұл істегі арнайы прокурор ретінде тағайындаған. 7 қарашада Әділет департаментінің баспасөз хатшысы жаңадан тағайындалған бас прокурор Уитакер "бұл істерге" жауапты болатынын хабарлады.