ҰЙЫТҚЫ

Серік Қарымсақов көп кәсіпкерлердің бірі емес, бірегейі. Бизнестің қыр-сырын бір адамдай жақсы біледі. Тоқсаныншы жылдардан бастап осы салада жүргендіктен болар, көрген-түйгені де, тәжірибесі де жеткілікті. Рас, бизнестің жолы ауыр. Көңілі құлазып, аузы күйген сәттер де болды. Бірақ меселі қайтқан емес. Тауы шағылған жоқ. Себебі кәсіпкерлік жолы даңғыл болмайтынын әу баста-ақ аңдаған. Соқтықпалы-соқпақты болатынын сезген. Соның өзі Серікті ширатты. Қайратына қайрат, жігеріне жігер қосты. Қандай қиындық пен кедергілер болса да алған бетінен қайтпауға бекем бел буды. Мұның өзі үлкен сабақ, үлкен мектеп.

Серік Қарымсақовтың серіктестері Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерде де жеткілікті. Біраз елді аралады. Қыдыру үшін емес, бизнестің ұңғыл-шұңғылына қанығу үшін шарлады. Сенімді серіктестер тапты. Олармен қоян-қолтық араласа жүріп бірнеше бірлескен жобаларды жүзеге асырды.

Көп барған, көңіл қалауы түскен ел – Индонезия. Бұл елмен іскерлік қарым-қатынасы өте жақсы. Тіпті, осы елдің президенті, Серіктің іскерлік қабілет-қарымын байқағандықтан болар, оны Индонезияның Алматыдағы құрметті консулы етіп екінші мәрте тағайындады. Сонымен бірге Серік Қарымсақов «Қазақстан – Индонезия» іскерлік кеңесінің төрағасы. Ол екі ел арасындағы іскерлік байланыстардың дамуына жанын салып, ұйытқы болып жүрген азамат.

Серік Қарымсақов – кең жүректі кәсіпкер. Әлеуметтік маңызы зор қайырымдылық шаралардың бел ортасында ұйытқы болып, демеушілік жасап жүретін жан. Кіндік қаны тамған Сыр елін де, тәлім-тәрбие алған алтын ұя мектебін де ұмытқан емес. Қолдан келер көмегін жасауға әрдайым әзір.

Күнделікті күйбең тірлік, қым-қуыт жұмыс бастан асып жатса да Серік кәсіпкердің күйгелектеніп, сабырсыздық танытқан кезі болған емес, Бұл біріншіден, отбасында алған тәрбиенің арқасы, екіншіден, индонезиялық әріптес-серіктестерімен тығыз аралас-құралас бола жүріп көріп-білгені мен көңілге түйгені. Индонезиялықтар өте сабырлы. Асығып-аптығу деген атымен жоқ. Жүздері жайдары. Жылы қабақ танытып жүреді. Үлкені де, кішісі де инабатты, кішіпейіл. Ашу шақыру деген жоқ. Сөз бен ісіне мығым. Осындай жақсы қасиеттер индонезиялықтармен біраз жылдан бері етене араласып жүрген Серікке де жұғысты болған-ау, шамасы.

Атасы Әбсаттар мен әжесі Әнипаның, әкесі Итен мен анасы Күләйханның және басқа да ағайын-туыс, көрші-қолаң мен ауылдастардың өнегелі істері мен тәлім-тәрбиесін көріп, ұлағатты сөздерін тыңдап өскен Серікті өмірдің өзі шыңдады. Білімді болуға ұмтылды. Қызылорда қаласында жоғары білім алды. Әскер қатарында азаматтық борышын өтеді. Ширықты. Осының бәрі алға қойған айқын мақсатына жетуге жетелеген еді. Арманы – Алматы қаласында кәсіп ашу болатын. Бұл Қазақстан тәуелсіздік алған жылдарға тұспа-тұс келген кез еді. Дәл осы уақытта Елбасы әр кездесуде жастарды кәсіпкерлікпен айналысуға шақырып жатты. Осының өзі Серіктің асқақ арманының орындалуына қозғау салғандай, көп ойланып, тартыншақтаған жоқ, Алматыны бетке алады. Серіктестерімен бірлесіп бизнес ашты. Құрылыспен айналысты. Сәулетті ғимараттар мен тұрғын үйлер салды. Кәсіпкерліктің аясы кеңи бастады. Қазақстанның елордасы Астанаға ауысқан уақытта Бас қалада ауқымды құрылысты қолға алды. Бұл уақытта қазақстандық ғана емес, шетелдік кәсіп иелері де бизнес бастау үшін Астанаға қарай ағыла бастаған еді. Олар тұрақтайтын, қона жатып, іскерлік кездесулер өткізіп, жұмысты бастайтын жайлы орындардың Астанада ауадай қажеттігі байқалып қалды. Тәуелсіз Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынасты қалайтын елдердің де қатары осы жылдары арта түсті. Дипломаттар да елордаға көптеп келе бастады. Осы сәтті қалт жібермеген Серіктің серіктестері елордада «Дипломат» атауымен қонақүй, мейрамхана, тұрғын үй салды.

«КӨРПЕҢЕ ҚАРАЙ КӨСІЛ»

Серіктің кіндік қаны тамған жер – Аманкелді. Әлі оң-солын жете тани қоймаған бала Серік айналшықтап Әбсаттар атасының қасынан шықпайтын. «Атасының баласы» болатын.

Атасы айтқан әңгімелер мен қанатты сөздер баланың жадында жатталып қалды.

– Балам, уақыт дегенің қас-қағым сәт. Уақыттың қадірін біл. Өмірден керегіңді алуға тырыс. Ең бірінші керегі – білім. Білімді болуға талпын. Қатарыңнан қалыс қалма. Адал еңбек, маңдай термен тапқан нанның дәмі тіл үйіретін болады. Ертең-ақ ержетіп, үлкен азамат боласың. Қандай биікке шықсаң да, асып-тасыма. Биікке шығу қиын болғанымен, одан құлау оңай. «Болдым-толдым» деп ешуақытта тоқмейілсіме. Адамды аздыратын да, тоздыратын да осы жаман әдет. Көрпеңе қарай көсіл. Осыны есіңде мықтап ұста, – дейтін атасы. Осы кеңестің бәрі күні бүгінге дейін Серіктің есінен әсте шыққан емес. Күнделікті жұмысында атасының айтқандарын қағида ретінде ұстанады.

1973 жылы мектеп табалдырығын аттаған кезде де атасының әңгімелері жадында жаңғырып тұрды. Қатарластарынан қалып қоймауды, кем болмауды ойлады. Сабағын жақсы оқуға тырысты. Білімге құштар болды. Бұл уақытта олар Қызылорда қаласына көшіп келген еді. Серік осы қалада мектеп табалдырығын аттады. Бұл №140 мектеп болатын. Қазір Абылайхан атындағы білім ордасы.

Әкесі Итен Қарымсақұлы осы жылдары Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келіп, Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетіне қызметке орналасқан. Ол әскерге дейін де осы газетте еңбек жолын бастаған еді. Тәжірибесі әскер қатарында жүргенде толыға түседі.

Әкесі кәсіби журналист. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін 1966 жылы бітірген. Әскерде взвод командирі болған Итен Қарымсақұлы мамандығынан қол үзбей, округтің «Красный боец» газетінің штаттан тыс тілшісі болады.

Ол уақытта кәсіби журналистер тапшы.Мамандарды даярлайтын жоғары оқу орны тек Алматыда ғана. Оны бітірген журналистер жеткілікті емес. Ал жаңадан ашылып жатқан газеттерге білікті де білімді мамандар керек.

Оның үстіне Итен Қарымсақұлы редакцияның секретариатында жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған маман. Журналистердің тілімен айтқанда, секретариат – редакцияның штабы. Итен Қарымсақұлы осындай мектептен өткен журналист. Оны жақсы білетін әріптестері жетпісінші жылдардың басында жаңадан ашылған Торғай облыстық «Торғай таңы» газетіне жауапты хатшының орынбасарлығына шақырады. Осы газетте үш жылға жуық абыройлы жұмыс істейді.

1973 жылы 20 наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төралқасының Жарлығымен Маңғышлақ және Жезқазған облыстары құрылған болатын. Жаңадан ашылған Жезқазған облысының құрамына Жезқазған, Балқаш, Қаражал қалалары мен Ақтоғай, Жезді, Жезқазған, Жаңарқа, Шет аудандары енді. Сондай-ақ Шет, Жаңарқа аудандары мен Қаражал қаласына қарасты бірнеше елді мекенді біріктірген Ақадыр ауданы пайда болды.

Жаңа облыстың өз газеті болуы – заңды. Сол жылы 13 сәуірде «Жезқазған туының» алғашқы нөмірі оқырмандар қолына тиеді. Редакция ары қарай жұмысты жалғастыру үшін жан-жақтан журналистерді шақыра бастайды. Соның бірі – Итен Қарымсақ­ұлы. Жалындап тұрған жас журналист Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газетінің бөлім меңгерушісі әрі редакция алқасының мүшесі болады.

Ал сол 1973 жылы бала Серік Қызылорда қаласында мектеп табалдырығын бірінші рет аттаған болатын.

– Әкемнің бума-бума газеттерді үйге әкеліп, жата-жастанып оқитыны әлі күнге көз алдымда. Газет-журналдан бас алмайтын. Менің де ежіктеп кітап оқуға шама-шарқым жетіп қалған кез. Әкем ұсынған газеттердегі материалдарды, шала-шарпы түсінсем де, шаршамай-шалдықпай оқитыным есімде.

– Газет-журнал көп оқысаң өзіңе жақсы. Жылдам оқуға жаттығасың. Оқи бер, оқи бер, – деп әкем де дем беріп қоятын.

– Журналистерге жақын жүретініңіздің себебі осы екен ғой, – деймін мен де қарап тұрмай.

– Иә. Оныңыз рас, журналист жора-жолдастарым көп. Оның үстіне бала күнімнен газет-журналға сусындап өскен жоқпын ба?! Сіздерге, журналистерге жақын жүретінім сол.

– Әкенің жолын жалғастырған балалары бар ма?

– Біздің үйдегі келіні – Садуова Айгүл әдебиетке жақын. Өлең жазады.Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Орыстың атақты ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне тәржіма жасаумен айналысады. Былайша айтқанда, хоббиі. Біздің үйде қазір газет-журналды, кітапты көп оқитын сол.

«АЛЫС ТА ЖАҚЫН ИНДОНЕЗИЯ»

2012 жылдың 10 наурызы. Бұл күн Серіктің есінен ешқашан шықпайтын шығар. Дәл осы күні «Қазақстан – Индонезия» іскерлік кеңесі құрылып, оның төрағасы болып Серік Қарымсақов сайланған еді. Сол жолы екі мемлекеттің бірқатар министрліктері мен кәсіпкерлік қауымдастықтарының өкілдері бас қосып, іскерлік кеңестің жұмысын жандандыру жөнінде келелі ой-пікір алмасқан болатын.

Индонезия Қазақстан үшін маңызды әріп­тес. Біздің елмен арақашықтығы алыс болса да, жақын мемлекетке айналды. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени қарым-қатынас жыл өткен сайын айрықша қар­қын алып келеді. Индонезияның іскерлік қауымдастығынан қазақстандық кәсіпкерлер үйренетін үрдіс көп.

– Индонезияда орта бизнестің үлесі 25 пайыздан асады, – дейді Серік Қарымсақов. – Бұл өте жоғары көрсеткіш. Ел экономикасының өркендеп отырғаны орта бизнестің арқасы.

Халқының саны жағынан Индонезия әлемде төртінші орынды иеленетінін ескерсек, олардың көп бөлігі бизнеспен айналысатынын аңдау қиын емес. Бұл тұрғыда Индонезиядан талмай үйренуге болады. Оны Елбасымыз да талай мәрте айтқан болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан алдына әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына ену міндетін қойды. Өз кезегінде Индонезия экономика аясын ұлғайту және жедел дамыту жөніндегі бас жоспарын қабылдады. Бұл ел 2025 жылға қарай әлемдегі экономикасы ірі он елдің қатарына кіруді көздейді. Осылайша екі ел өзара тиімді ынтымақтастық аясын кеңейтуге және тереңдетуге мүдделі», – деген болатын.

Индонезия Қазақстан секілді көп ұлт пен ұлыс өмір сүріп жатқан мемлекет. Халқының саны 260 миллионнан астам. 300-ден көп этникалық топ бар Индонезия тұрғындары 700-ден астам тілде сөйлейді. Бірақ мемлекеттік тіл – индонезия тілі. Осы тілде сөйлеседі, іс-қағаздарын жүргізеді. Тұрғындар арасында алауыздық жоқ. Тыныш, бейбіт, келісті өмір сүріп жатыр.

Индонезия дүниежүзіндегі ең көп мұсылман халқы бар мемлекет.

– Индонезияда кәсіпкерліктің қай түрі болсын жақсы дамыған. Оған осы елде бірнеше рет болған кезімде көзім айқын жетті. Индонезиядағы кәсіпкерлер адал әрі таза. Бір күндігін емес, болашағын ойлайды. Не жасаса да сапалы жасайды. Олар Қазақстанның жері кең, кенге бай екенін жақсы біледі. Индонезияның да жері бай, халқы бақуатты. Бизнеске ерекше көңіл бөледі. Біздің елде де кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау айрықша екеніне көздері жеткен индонезиялық бизнесмендер бірнеше инвестициялық жобаларды бастауға тас-түйін дайын. Ең басты қиындық – жер шалғай. Бірақ соған қарамастан іскерлік байланыстарды арттыруға мүдделі. Қиын мәселенің бірі – көлік-логистика. Бұл ретте Қазақстан тарапынан нақты қадамдар бар, – дейді «Қазақстан – Индонезия» іскерлік кеңесінің төрағасы Серік Қарымсақов.

Индонезия өз тәуелсіздігін 1945 жылы Жапониядан алған болатын. Одан бері – 73 жыл. Индонезияның Қазақстандағы елшілігі осы мерекені біздің елде де атап өтті. Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына – ширек ғасыр. Осы жылдар ішінде екі мемлекет арасындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік ынтымақтастық артып келеді.

Міне, осындай іскерлік байланыстардың бел ортасында жүрген азамат – Серік Қарымсақов. Ол – осы істердің ұйытқысы, дәнекері. Алғаш рет Мәскеуде Индонезия елшісімен жолыққан болатын. Сол күннен бастап Индонезия мен Қазақстан кәсіпкерлері арасында тығыз, ынтымақты қарым-қатынас орнай бастады. Бұған да ұйытқы болған Серік Қарымсақов. Одан бері де бірнеше жыл өтті. Бұл жылдар текке кеткен жоқ. Қазақстандық кәсіпкер индонезиялық кәсіпкерлердің біздің елдегі ең сенімді серіктесіне айналды.

Ол осы жақында ғана Индонезия президенті Джоко Видороның бұйрығымен Индонезияның Алматыдағы құрметті консулы болып қайта тағайындалды. Осының өзі Қарымсақов жайлы көп жайды аңғартса керек. Қазақстандық кәсіпкерге сенім жүгі салмақтана түскен.

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК

Серік №140 мектепті жақсы аяқтаған соң, Жамбыл гидромелиорация институтының Қызылорда филиалына оқуға түседі. Білім ордасын жақсы бітіреді. Инженер-механик мамандығын алып шықты. Бірақ бар ойы Алматыға ауды да тұрды. Неге екенін кім білсін, әйтеуір бизнестің қыз-қыз қайнаған ортасы осы қалада болып жатқандай көрінетін. Шынында да солай еді.

Ата-анасын да, бауырларын да Алматыға қоныс аударуға көндірді-ау. Әкесі Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз хатшысы болып ұзақ жыл табысты еңбек етті. Журналистикадан да қол үзген жоқ. Екі тілде шығатын «Прокуратура жаршысы»газетін ашты. Кейін оның атауы «Тура жол» болып өзгерді. 2014 жылы республикалық «Құқықтық Қазақстан» газеті Бас редакторының орынбасары қызметіне тағайындалды. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшелігіне өтті. Бірнеше кітаптың авторы атанды. Қазір Итен Қарымсақұлы құрметті еңбек демалысында.

Серіктің анасы Күләйхан да Алматыға қоныс аударғаннан кейін өзінің сүйікті мамандығы – дәрігерлік еңбек жолын жалғастырды. Інілері Бақыт, Сабыржан, қарындасы Сәуле Алматыда бизнеске араласты. Бәріне ұйытқы болып жүрген – Серік.

Тоқсаныншы жылдары Жоғарғы Кеңес (қазіргі Парламент) Алматыда еді. Серік Сенаттың аппаратында қызмет істеді. Бірақ қалауы кәсіпкерлік болғандықтан, біраз жылдан соң өзінің сүйікті ісіне қайта оралды.

Алматыға қоныс аударғанмен, туған жермен байланыс үзілген жоқ. Жол түсіп, мүмкіндік болып жатса, білім берген мектебіне ат басын бұратыны бар. Қолдан келер көмегін жасайды. Бір барғанда мектеп оқушыларының спортқа бейімділігін байқайды. Бірақ бәрінің жаппай спортпен айналысуына білім ордасында мүмкіндік жоқ екеніне көзі жетеді. Спорт алаңы, құрал-жабдық, керек-жарақ тозған. Оны сатып алуға мектептің жағдайы жоқ. Он миллион теңгеге керекті спорттық жабдықтарды алып беріп, спорт алаңын жөндеуден өткізуге қолғабыс жасайды. Өзі оқыған сынып бөлмесін жабдықтауға көмектеседі. Осындай сауапты іске ұйытқы болған жас – кәсіпкер Серік Қарымсақов.

Ғалым Омар – Хан

Астана

Редакция таңдауы

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...
773x435 cmsv2 7899d14b c138 5822 b480 a3f31d86f1a3 5420794

Францияның экс-президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде бір...
d98221c8 878a 4463 88de 21dc24bf460d

Президент: Біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады. «Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту...
zhzh

Бүгін – Жамбыл Жабаев дүниеге келген күн

Бұдан 175 жыл бұрын 99 жасына дейін жүрегінен жыр төгілген ақын,  дүлдүл...

Жаңалықтар

21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері Желіде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Сyber News сайтына сілтеме жасап. Танымал хакерлік форумның...

Францияның экс-президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде бір жыл нақты қамауда болады. Сот оны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп тапты.

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің...

БҒМ 1 наурыздан бастап мектептерде сабақ қалай өтетінін түсіндірді

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1 наурыздан бастап мектептердегі рұқсат етілген аралас форматта оқыту барысын түсіндірді. Вице-министр Facebook-тегі парақшасында 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының...

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш қойылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында бұл ескерткіш медицина қызметкерлеріне деген алғыстың символына айналатынын атап өтті. «Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған...

Пандемия: кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді және кейбір төлемдер алынып тасталды. Пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жаңа бөлшек салықтың арнаулы салық режимі...

Түркістан өңірінде 100-ге жуық белсенді «Nur Otan» партиясы қатарына қабылданды

Бүгін Түркістанда 1 наурыз – Партия күніне орай, бірқатар азаматты «Nur Otan» партиясына қабылдау іс-шарасы өтті. Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен...

Алматыда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Әлеуметтік желіде Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Видео кадрларынан төбелестің балалар ойын алаңында болғанын байқауға болады....

Наурыз айында күн райы қандай болады?

Еліміздің көптеген аймақтарында күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы мәлімдеді.  Консультативтік болжамға сәйкес 2021 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының басым бөлігінде циклондардың өтуімен және...

Таразда Алғыс айту күніне орай 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Алғыс айту күніне орай былтыр ғана облыс орталығында бой көтерген «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің маңында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Онда қалалық зиялы қауым өкілдері,...

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған отбасыға баспана берілді

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына жаңа баспана берілді. Oқиға биыл 18 ақпанында облыс орталығындағы Әл-Фараби мөлтек ауданында орын алды. Оқиға орнына шұғыл жеткен...

Алматыда КамАЗ көлігі жер астына түсіп кетті

Алматыда КамАЗ жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Оқиғаның видеосын куәгерлер таратты, ал дәрігерлер көлік жүргізушісі жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желілерде...

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ. Адамға алғыс айтқанымыз – Аллаға шүкір еткеніміз

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Аллаға мадақ, пайғамбарға салауаттар болсын! Елімізде шуақты көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесімен басталады. Баршаңызды бірлік пен мейірімге...

Асқар Мамин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті

Премьер-Министр Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, – деп хабарлады primeminister. Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының...

«Nur Otan» партиясының жанынан 9 жаңа қоғамдық кеңес құрылады

Осылайша, олардың жалпы саны 14-ке жетті, – деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. «Nur Otan» партиясының Лидері, Елбасы Н.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»...

Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жасыбаев Ержан Бәкірбайұлы Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев 1965 жылы...

Белгілі әнші Индира Еділбаева «Nur Otan» партиясын таңдады

«Nur Otan»-ның құрылғанына 22 жыл толуына орай, партияның Алматы қалалық филиалы белсенді және жігерлі алматылықтармен толықты. Партияның жаңа өкілдері қатарында денсаулық сақтау, мәдениет және...

Әуе компанияларының табысы 41% азайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе компанияларының жылдық табысы 41% төмендегенін, ал жолаушылар тасымалы қызметі 6 пайызға арзандағанын хабарлады. Биыл қаңтарда еліміздің әуе компанияларының кірісі...

Белгілі журналистің еміне қаржы жиналуда

Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді. Шараның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға көпшіліктің атсалысуымен қолұшын созу, мейірімділікті, қайырымдылықты насихаттау, қайырымды жандарға алғыс...

Атырау дәрігерлері Алғыс айту күніне орай челлендж бастады

«Мерекелік шараға өңірдегі 35 медициналық ұйымның қызметкерлері қатысты»,-деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. «Туған елге мың алғыс!» челленджі өңірде бір апта бұрын...

Дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жетеді – министр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жететінін айтты. Ведомство басшысы Президенттің биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын...

Әлем тұрғындарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екені анықталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан Жер бетіндегі тұрғындардың қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.  Ұйым...

Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі Қазақстан имиджі

Ақпарат кеңістігінде мемлекеттің имиджі мен медиаобразын жасау – дамушы елдердің алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі. Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде дүние жүзінің алпауыт...

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Осы көктемде 13 500-ден астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші ел Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады. Қорғаныс ведомствосы...

ҚазҰУ ректоры француз ғалымдарына бірлескен археологиялық зерттеулер жасауды ұсынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейт Түймебаев Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дидье Канеспен кездесіп, ғылым-білім  және мәдени бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты тереңдету...

Ресейдің ең бай депутаты қамауға алынды

Ресейдің Сахалин облыстық Думасының миллиардер депутаты Дмитрий Пашов қамауға алынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Сот оған екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану...

«Борат 2» ең үздік комедия ретінде «Алтын глобус» лауреаты атанды

Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте кино және теледидар саласындағы "Алтын глобус" сыйлығының 78-ші марапаттау рәсімі өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты марапаттау тарихта алғаш рет виртуалды форматта өтті.  Ең...

Түркістандағы қайғылы оқиғаға қатысты алғашқы мәліметтер жарияланды

Түркістан қаласында орын алған қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін құзырлы органдардан құрылған топ болған жайтты жан-жақты тексеріп жатыр. Орын алған оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысатын...

15 жыл бойы қос азаматтығын жасырып келген павлодарлық жазаланды

Қос азаматтығын жасырып келген Павлодар облысы Железинка ауданының тұрғыны айыппұл арқалады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Аудандық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Железинка аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің...

Бұл – қазақ халқының шексіз дархандығының жарқын үлгісі.

Джамалайл ЭЛИМХАНОВ, «Емир-Ойл» ЖШС басқарма басшысы: Қазақстан Тәуелсіздік алған сәттен бастап Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев әрбір азаматтың өз Отанында қауіпсіз және жарқын өмір сүруі үшін және...

COVID-19: Елорда «сары» аймаққа енді

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 1 наурызы күнгі қазақстан амақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрициасын жариялады. Бұл туралы...

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды. Партияның құрылуы мен қалыптасу тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан...

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік...

Алматы түрмесінен қашқан сотталушы Ақтөбеде ұсталды

Алматыдағы бас бостандығынан айыру орындарының бірінен қашып шыққан адам Ақтөбеде қолға түсті, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. «Алматы...

«Nur Otan» қатары жаңа мүшелермен толықты

Партияның 22 жылдық мерейтойы қарсаңында «Nur Otan» облыстық филиалында салтанатты түрде партия билеттері табыс етілді. Партияның аймақтық филиалының төрағасы, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов партия...

«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Бүгіннен бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2021» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Сыйлыққа 2020 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және...

Америкалық телеарна Трамптың саяси жоспарларын ашты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елде жаңа партия құру мүмкіндігін қарастырмайтынын жариялайды. Оның саяси жоспарларын американдық Fox News телеарнасы ашты. "Біз жаңа партиялар құрмаймыз және...

Президент: Біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады. «Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы...

Ақтауда жәндіктерді уламақ болған әйел көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтірді

Пәтердегі жәндіктерді уламақ болған Ақтау тұрғыны көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтіріп қойды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап Lada.kz хабарлады.  Зарарсыздандыру құралынан...

Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elbasy.kz. Қымбатты отандастар! Алғыс айту күні Қазақстан халқының бірлігін паш етеді,...

2020 жылдың ең танымал құпиясөздері анықталды

2020 жылы қандай құпиясөздер жиі қолданылды? Бұл сауалға DLBI деректер ағынын барлау қызметін жасаған зерттеуге сілтеме жасай отырып "Известия" басылымы жауап берді.  Рейтинг көшбасшысы тағы...

Жел, көктайғақ: Еліміздің 9 өңірінде ескерту жарияланды

1 наурызда елорда мен 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет". 1 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жел, көктайғақ болады. Оңтүстік - батыстан соққан...

1 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүгін – елімізде Алғыс айту күні. Бұл мереке  ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген. 1995 жылдың 1 наурызында елімізде...

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Бүгін – Жамбыл Жабаев дүниеге келген күн

Бұдан 175 жыл бұрын 99 жасына дейін жүрегінен жыр төгілген ақын,  дүлдүл жырау, жүйрік жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл ЖАБАЕВ (1846-1945)  дүниеге келді. Ол...

NASA Марстың алғашқы панорамасын жариялады

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Ровер Perseverance түсірген Марстың алғашқы панорамалық суреттерін жариялады. NASA алдағы апталарда көптеген қызықты суреттері жариялайтынын мәлімдеді.  

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

«Наконец-то» Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыздағы мерекелер алдында қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды өңірлік СЭБД баспасөз қызметі. Бекшин үндеуінде алматылықтардан...

Армениядан жеткізілген көліктердің тіркеу мерзімі ұзартыла ма?

Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына...

Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту туралы жоспарын айтты

Еліміздің жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқу бағдарламалары зерделенеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Министрдің айтуынша, қоғамдық...

Қытай келісімдерді елемей, қазақ пойыздары қараусыз қалып жатыр

"Жүк жөнелтушілердің бастамасымен Қытайға тауарларды қабылдауға уақытша тыйым салу енгізілді", – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы (ҰК)»АҚ баспасөз қызметі. «ҚХР-мен шекарадағы бекеттерде жағдай...

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Бас прокуратурасы атынан жалған бұйрық таратылған деп хабарлайды  тengrinews.kz сайты. Аталған «құжатта» Ресейде тіркелген автокөлік иелеріне Қазақстан аумағында жалпы сенімхатсыз...

ЕСКІ ЖАРАНЫҢ АУЗЫН ТЫРНАУ ЕСТІНІҢ ІСІ МЕ…

Адам баласы туғанда бір-бірінен артық-кемі жоқ қызыл шақа болса да, өсе келе олардың бәрі өз бетінше өзгеріп, даралана бастайды. Өйткені уақыт ағымындағы түрлі әсерлер...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді

Бүгін Түрікменстан Республикасынан 153 қандасымыз тарихи Отанына көшіп келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп–қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын....

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде ресми түрде мерекелеу басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қ.Қуанышбаев атындағы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...

Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады

Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді. Ел президенті...

Алғыс айту күні: Елордада мерекеге орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды

Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мерекеде елордалық театрлар медицина қызметкерлерін, эпидемиологтарды, педагогтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спектакль көруге шақырады, деп...

Жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына...

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы...

Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған, картина қайтадан сатылғанға дейін, Қытайда содан кейін Голландияда...

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың...

Білікті хирург қандасымыз: Орыс тілін білмегендіктен базар жағалап кеттім

https://youtu.be/zzD6QU3BF6M Сюжет авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ Тілші Ділда Уәлибек

1 наурызда әскерге шақыру басталады: Қорғаныс министрлігі негізгі өзгерістерді атады

13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады....

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Елордада Ж.Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт...

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде Владимир Путинге қылыш сыйлады. Бұл туралы ол "Россияская газетаға" берген сұхбатында айтты. "Бұл қылышты Қырғызстанның ең мықты...

Елімізде азық-түлік жеткізу нарығы 75 пайызға өскен

2020 жылы Қазақстанда азық-түлік жеткізу нарығы 75% - ға өсті. Бұл туралы Chocofood қызметінің директоры Николай Щербак хабарлады, деп хабарлайды LS. Карантинге байланысты Қазақстанда азық-түлік...

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2,5 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,5 млн-ға жетті.  Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет жұқтырғандардың 89 миллионы емделіп шықса, 2 507 624-і қайтыс болды. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша...

Семейде 1879 жылы салынған тарихи ғимарат өртенді

Ғимараттағы өрт тек таң ата ауыздықталған. https://youtu.be/AwAQx5E_MLA Өрт 26 ақпанда Абай даңғылында 00 сағат 46 минут шамасында басталған. Өртті сөндіруге барлығы 19 техника, 55 адам жұмылдырылды....

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км...

Омбыда Халықаралық ана тілі күні атап өтілді

2021 жылғы 24 ақпанда халықаралық ана тілі күніне орай Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек «Омбы қазақтары» аумақтық қоғамдық ұйымының басшылығы, жергілікті қазақ тілі...

Елімізде сүт өндірісі бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты. «Соңғы бес жылда...

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Грек басылымы Gazzetta планетаның ең сұлу волейболшы аруларының рейтингін жариялады. Рейтингте 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок көш бастады, деп хабарлайды Politic. Бұған дейін аталған рейтингте...

Теміртау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жұмысында ақау болып, тұрғындар аязда жылусыз қалды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов өңір халқынан кешірім сұрады. Мамандар...

2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді

2021 жылы Қазақстанда Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы...

Әлемдік ТОП-50 қатарына енген Қазақстан дзюдошылары

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тель-Авивте өткен әлемдік «Үлкен шлем» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаңартылған рейтинг бойынша ТОП-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар...

Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі...

Жамбыл Жабаев – 175: Киевте поэзия кеші өтті

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы...

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Артур...

Нұр-Сұлтанда банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есігін сындырып кірген екі күдікті ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны...

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім...

Бүгін елорда мен Ақмола облысының оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9...

Өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 135, Алматы қаласы - 110, Шымкент қаласы -...

COVID-19: АҚШ-та вакцинаның күшін әлсірететін вирустың жаңа түрі пайда болды

Калифорния технологиялық институты мен Колумбия университеті ғалымдарының пікірінше, коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасында кездесетін мутация оған иммундық жүйенің әсерін сезінуге кедергі келтіреді, – деп жазды...

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей уақытта қар жауады....

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті...

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол...

Доллар бағасы тағы да арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы төмендеді. Ұлттық банк 26 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады. Жұмада теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 414,77 теңге болады. Бұл ретте...

Қазақстанда аяз 40 градусқа дейін көтеріледі

26 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы нашарлап, 35-40 градус аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды ​​облыстарында, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан,...

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...