8 Қараша, 15:30 160 0 Сыртқы саясат Арман Құдайберген

Қазақты айналып өтпеген соғыс

1568 күнге созылған Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына – 100 жыл. Еуропаның көптеген мемлекеттерінде ғасыр тойын атап өту басталып кеткен. Салтанатты жиындар мен іс-шаралар Францияда өтеді. Өткен жексенбіден Франция президенті Эммануэль Макрон  осы атаулы күнге арнайы келіп жатқан қонақтарды қабылдай бастады.

Әлемнің түкпір-түкпірінен 120-дан астам жоғары мәртебелі қонақтар келмекші. Олардың қатарында АҚШ, Ресей, Германия сынды елдердің президенттері, БҰҰ мен Еуроодақтың төрағалары бар. Олар мәңгілік алауға барып, отан үшін жанын қиған боздақтар рухына тағзым етеді. Дәл сол күні Парижде әлемдік форум ашылады. Аталған форумда ғаламдық қысымның күшін азайтуға арналған ұсыныстар тыңдалатын болады. Онан кейін Франция астанасындағы «Корольдік Версаль операсы» театрында бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына арналған Вена филармониялық оркестрінің арнайы концерті өтеді.

1918 жылдың 11 қараша күні 70 миллионға жуық адам қатысқан Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталған-ды. Осыған орай, салтанатты жиындар мен рәсімдер 11 айдың 11 күні 11 сағат 11 минутта аяқталады. Дүниежүзінің дамуы мен алға ілгерілеуін тежеген сұм соғыс 18,6 миллион адамның өмірін жалмаған еді. Бұл соғыста да алыстағы қазақ елі  бейтарап қала алмаған. Әсіресе, II Николай патшаның 1916 жылғы қазақтарды майданның қара жұмысына алу туралы жарлығынан кейін басталған ұлт-азаттық көтерілісі кезінде талай Алаш баласы құрбан болды.

 

Соңғы жаңалықтар