АҚШ санкциясының салқыны

АҚШ санкциясының салқыны

АҚШ санкциясының салқыны
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Иранға салған санкциялары осы аптада күшіне енді. Иранның энергетика және қаржы секторы, кеме жасау және кеме қатынасы салаларына салынған бұл санкциялар «Иранға салған «ең қатаң» санкциялар», – деді Трамп. Ақ үй бұған дейін жаңа санкция бойынша Ираннан мұнай сатып алу санкциясын бұзғандарға айыппұл салынатынын ескерткен. Дегенмен, олар сегіз елге қатысты тыйымның күшін алты айға дейін тоқтата тұру жоспары барын мәлімдеді. Иранға салынған санкцияның салқыны біраз елге тиюі мүмкін. Қалай болғанда да Иран әлемдік нарыққа мұнай сатуды жалғастыра бермек. Осылайша олар АҚШ жариялаған ауыр санкцияларды еңсеріп шықпақ. Ислам Республикасының президенті Хасан Роухани: «Америкалықтар жазалануы керек. Олар мәдени мұраға бай ұлтымызды үнемі сылтау тауып, тізе бүктіргісі келеді. Бірақ біз оған мойымаймыз», ‒ деп мәлімдеме жасады. Америка Құрама Штаттары 2015 жылғы ядролық келісімнің нәтижесінде жойылған санкциялардың барлығын осылайша қайта күшіне ендірді. Иранның мұнай экспортын, кемелері мен банктерінің қызметін шектеп, Ислам елімен бизнес жасауды мүлде қиындатып жібермек. Вашингтон бұл санкциялары арқылы Тегеранның ядролық-зымырандық бағдарламасын тоқтатып, оның Таяу Шығыстағы ықпалына қарсы тұрмақ. Алайда Иран билігі әлемдік державалармен жасалған ядролық келісімді бұзбағанын айтады.